Тәртіп сақшыларының айтуынша, облыс орталығындағы дүкендерде жасалатын ұрлық мүлікке қатысты қылмыстардың жалпы санының бестен бір бөлігін құрап отыр. Соңғы кездері супермаркеттерде алкогольдік ішімдіктерді қолды қылу жиілеген.
Тәжірибе көрсеткендей, мұндай қылмыстарды көп жағдайда наркологиялық есепте тұрған адамдар жасайды.
“Бейнебақылау жүйелерін орнату сауда нысандарындағы ұрлықтың ашылуын едәуір жеңілдетуде. Жыл басынан бері облыс орталығының дүкендерінде 201 ұрлық тіркелді, оның 39-ы супермаркеттерде орын алған. Қазіргі уақытта он факті бойынша материалдар сотқа берілді, қылмыс құрамының болмауына байланысты үш іс тоқтатылды, алты дерек бойынша жедел-іздестіру, қалғандары бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде”, – дейді Петропавл қалалық криминалдық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Дархан Зияфиддин.
Әсет ҚАНАФИН.