«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Терең білім, тәлімді тәрбие

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлттық құндылықтарды көздің қа­рашығындай сақтай отырып, бір-біріне аманат ету дәстүрінен жаңыл­ма­ған ұрпақтар арасындағы жара­сымды сабақтастық Тәуелсіздіктен кейін өзгеше мазмұнмен толығып, өркен жая түсті. 2022 жылдың “Ба­ла­лар жылы” деп жариялауы – со­ның нақты бір айғағы. Елімізде өс­келең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалығы жалпыұлт­тық міндет ретінде қарастырылып, ай­рықша көңіл бөлінген. Осы қағи­да­ны берік ұс­танған Ақтас негізгі мек­тебінің бас­шылығы жоспарлы түрде атқары­латын әр шараның оқушы­лар үшін тағылым­ды да пай­да­лы бо­луын басты назарда ұс­тайды. Мәсе­лен 2-4 сы­нып оқушы­лары арасын­да өткен “Бала мен балалық шақты қорғай­мыз” атты су­реттер көрмесі әр өрен­нің шығарма­шылық ізденісін дамы­тумен қатар өз құқығын білуге, қо­ғамдық ортада өздерін қалай ұс­тауға да бағдарлай­ды. Ата-аналар және ұстаздар ара­сында ұйым­дас­тырылған “Дені сау болашақ үшін” семинар-тренингінің де пайда­лы жақтары аз болған жоқ. “Сала­матты өмір салтын қолдай­мыз” атты ау­дан­дық сайысқа қатыс­қан оқушы­ла­рымыз бірінші жүлде­мен оралды.

Туған жерге сүйіспеншілік, от­басы құндылығына құрмет мәселе­лері де кеңінен қамтылып отырады. “Міне, менің көшем, менің үйім” фо­токөрмесі, “Отбасылық тағамдар” шеберлік сыныптары, “Туған өлке” туралы өлең, сурет, ән байқаулары оқушылар өмірінде ұмытылмастай із қалдырды. Ильинка орта мектебі базасында өткен “Бүгінгі ұрпақ – мәңгілік елдің болашағы” аудандық патриоттар форумына үлкен бел­сен­ділікпен қатысып, шығарма­шы­лық ізденістерімен ерекшеленді. Графикалық дизайн, сәндік-қол­данбалы өнер, сурет және портрет­тік кескіндеме салу шеберлік сағаттарында тәжірибелерімен бөлісті. “Балалар жылының” қорытындысы ретінде мектептің өзін-өзі басқару көшбасшыларының үлгісінде аудан бойынша “Табыс аймағы” слеті ұйымдастырылып, шеберлік сынып­тары, спорттық турнирлер өткізіліп, оған олимпиадалардың, байқаулар­дың, фестивальдардың жеңімпаз­дары мен жүлдегерлері, білім беру, спорт, қоғамдық қызмет ардагерлері мен белсенділер ортақтасты. Ақтас негізгі мектебіне мақтау грамотасы мен ақшалай сыйлық салтанатты түрде табыс етілді.

Мектеп қабырғасында өткізі­ле­тін шаралар оқыту бағдарлама­сы­мен үйлестіріліп, оқушылардың бі­лім деңгейі мен қарым-қабілеті са­рапқа салынады, мүмкіндіктерін та­ны­тудың әртүрлі жолдары қарас­ты­рылады. Абай және Мағжан оқу­ла­рының облыстық кезеңіне жол­дама алған екі оқушымыз өздерінің жақсы дайындығы мен терең білімін көр­сетті. Ерболат Жүсіп Мағжанның 70 өле­ңін жатқа айтып, 3-орынды ие­ленді. Мектебімізде Абайдың өлең­дерін жатқа оқудан алдына жан сал­майтын 3-сынып оқушысы Аяжан Жұ­­мағұл да жүлделі орыннан көрін­ді.

Кез келген балғын өзінің іс-әре­кетіне тиісті баға берілгенін ұна­тады, жаны қалап тұрады. Осыны ескерген басшылық оқу үздіктері мен белсенділерді үзбей ынталан­ды­рып отырады. Осы білім ошағы­нан қанаттанып ұшып, әркез жомарт қолын созып тұратын азаматтар да аз емес. Ауылымыздың мақта­ны­шы, белгілі ғалым Бүркіт Аяған Же­ңіс күні мерекесіне орай қайырым­дылық жасауды, спорттық сайыстар ұйым­дастыруды игі дәстүрге айнал­дыр­ған. Ауған соғысының ардагері, ел жанашыры Асхат Қоспанов пен оның жұбайы Айкүміс Ақанқызы да сый-сияпат жасап тұрады.

Еліміздің ертеңгі тірегі сана­ла­тын болашақ азаматтар мектеп қа­бырғасынан өнегелі тәлім-тәрбие алса, аға буынның сенімін ақтары сөзсіз.

Жансұлу ӨМІРЖАНОВА,

Ақтас негізгі мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp