«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Наурыз 30, 2023

Терең білім, тәлімді тәрбие

Ұлттық құндылықтарды көздің қа­рашығындай сақтай отырып, бір-біріне аманат ету дәстүрінен жаңыл­ма­ған ұрпақтар арасындағы жара­сымды сабақтастық Тәуелсіздіктен кейін өзгеше мазмұнмен толығып, өркен жая түсті. 2022 жылдың “Ба­ла­лар жылы” деп жариялауы – со­ның нақты бір айғағы. Елімізде өс­келең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалығы жалпыұлт­тық міндет ретінде қарастырылып, ай­рықша көңіл бөлінген. Осы қағи­да­ны берік ұс­танған Ақтас негізгі …

Терең білім, тәлімді тәрбие Read More »

ЕР МҰҒАЛІМНІҢ ҮЛЕСІН АРТТЫРУ КЕРЕК

Бұрындары мектеп қабырғасында мамандық таңдау тақырыбына міндетті түрде шығарма жаздыратын. Сонда оқушылар жапатармағай аяулы ұстаздарына еліктеп, мұғалімдік жолын жалғастыруды армандайтындарын жазып жататын. Олардың арасында ұлдардың саны көп болатын. Ғасырлар тоғысында осы үрдістен мүлдем айырылып қалдық. Араға жылдар салып, енді оның ащы зардабын тартып отырған жайымыз бар. Осы оқу жылында өңіріміздегі 16487 мұғалімнің 11381-і, яғни 69 …

ЕР МҰҒАЛІМНІҢ ҮЛЕСІН АРТТЫРУ КЕРЕК Read More »

Отан қорғауға баулимын

Еліміз шекарасы шегенделген қуатты мемлекетке айналса да, тұ­тастығы мен тыныштығын сақтау – ең басты міндетіміз. Халық батыры Бауыржан Момышұлының “Әскери қызмет дегеніміз – дені сау әрбір аза­маттың асыл парызы, ардақты бо­рышы, кімде-кім әскер қызметінен жалтарса, онда ол патриот емес”, – деген ұлағатты сөзі өскелең ұрпаққа елжанды, отаншыл болу міндетін жүктейді. Өзім Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық …

Отан қорғауға баулимын Read More »

Ұстаз – ұлы ұғым

Бұрындары ұстаз деген ұлы ұғым айбарлы, айбатты есті­ле­тін. Аты аталса, әріп үйретіп, “Әліппені” жаттатқызған ба­лауса шақ еске түседі. Ауыл мұғаліміне деген құрметті әке-шешелеріміз мек­теп табалдырығын аттамай жатып санамызға құйып, зер­демізге тоқып отыратын. Біздің кезімізде ұс­тазға қарсы сөйле­мек түгіл, бетіне қарауға жүрексінетінбіз. Бүгінде мұғалімге де­ген құрмет-қошеметтің, сыйластықтың қа­дірін қашырып, құ­нын кетіріп алғандаймыз. Иә, ұстаздың қоғамдағы абырой-беделін …

Ұстаз – ұлы ұғым Read More »

Әжелер ән салғанда

Қызылжарлық көрерменнің ыс­тық ықыласына бөленіп жүрген “Бал­қадиша” вокалды-фольклорлы ха­лықтық ансамблін өңірімізде біл­мейтін адам кемде-кем. Биыл атал­ған өнер ұжымының құрылғанына 20 жыл толды. Дәстүр-салтымызды, ұлттық му­зыкамызды кеңінен насихаттап, өзге өнерпаздарға үлгі болып жүрген әже­лер тобының концерттер мен рухани кештерден қалыс қалған кезі жоқ. Ансамбльдің негізін 2003 жылы Ма­шуда Ыбыраева қалаған. Сол кезде­рі қолға алынған көп жобаның …

Әжелер ән салғанда Read More »

ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІ ЖАДЫМЫЗДА

Адамның ғұмыры – қамшының сабындай қысқа әрі өл­шеу­лі ғой. Біздің өңірімізде өмірін елдің гүл­денуіне арнап, таңдаған мамандығына адалдығымен танылған жан­дар аз емес. Олардың бірқатары келместің кемесіне мініп, мәңгілік сапарға аттанса да, көзі тірі кездерінде атқарған істері, еселі еңбектері көпшіліктің көңіл түкпірінде сақ­таулы. Осындай азаматтар туралы ойланғанда менің көз алдыма Қобылан Хамзин ағамыздың жарқын бейнесі елестейді. …

ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІ ЖАДЫМЫЗДА Read More »