«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұстаз – ұлы ұғым

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұрындары ұстаз деген ұлы ұғым айбарлы, айбатты есті­ле­тін. Аты аталса, әріп үйретіп, “Әліппені” жаттатқызған ба­лауса шақ еске түседі. Ауыл мұғаліміне деген құрметті әке-шешелеріміз мек­теп табалдырығын аттамай жатып санамызға құйып, зер­демізге тоқып отыратын. Біздің кезімізде ұс­тазға қарсы сөйле­мек түгіл, бетіне қарауға жүрексінетінбіз. Бүгінде мұғалімге де­ген құрмет-қошеметтің, сыйластықтың қа­дірін қашырып, құ­нын кетіріп алғандаймыз.

Иә, ұстаздың қоғамдағы абырой-беделін көтеру мақсатында мемле­кет тарапынан жасалып жатқан ша­ралар мен бастамалар қуантатыны рас. Жастар педагогика маманды­ғын қы­зы­ға таңдайтын болды. Білім ошағы­ның есігін имене ашқан жас маманға әлеуметтік кө­мектер көр­сетіледі. За­манауи бағ­дар­ламалар­дың енгізі­луі, дәстүрлі сабақ беру формаларының өзгеруі, мұның бәрі жаңашылдыққа жете­лейді, игі ізде­ністерге құлшын­ды­ра­ды. Универ­ситетте оқып жүрген жыл­дары болашақ тіл маманы ре­тінде ойымызды ашық айтуға, ауырт­па­лық жүгін қайыспай көтеруге, ма­мандығымызды кәсіби түрде терең иге­руге дағдыландық. Ұстаз мәрте­бесі өмірлік тәрбиемен жинақталып, шәкірт бойына дарытатын білім са­па­сымен өлшенетінін сезіндік. “Алты Алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын – мұғалімдікі” деген сөз текке айтылмағанын, қаншалықты сый-құр­метке лайық екенін осыдан-ақ аңғаруға болады.

Нағыз ұстаз барлық жағынан өзін мойындатқан тұлға екені даусыз. Кей жағдайда ата-аналарының дә­реже­сін, қызметін малданып, “бүй­рек­тен сирақ шығарып” жататын оқу­шы­лар кездесіп қалады. Осындайда отаға­сы­ның, болмаса отанасының мәселе­нің мәніне үңілместен “алтын асық­тай” баласын қызғыштай қор­ғап, шаң жуытпай жататыны қын­жылтады. Сон­дықтан ұстазға деген дұрыс көзқа­расты орнықтыру әр отбасынан бас­талады дер едім.

Гүлжайна ПІРІМБЕТОВА,

Бостандық орта мектебінің мұғалімі.

Мамлют ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp