«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ерте гүлдеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы ботани­калық бақ­та Рамазан айында інжір гүлдеді. Бұл – жы­лына бір рет болатын құ­былыс. Ботаникалық бақ­тың директоры Артур Ра­зяповтың айтуынша інжір тұқымы осындан 40 жыл бұрын Сухуми қаласынан әкеліп егілген.

– Інжірдің құрамында адам ағзасына пайдалы дәрумендер өте көп. Сондықтан ауызашарда осы жемісті жеген пайдалы. Биыл бақтағы өсімдіктердің бір­қатары күннің жылуын ерте сезі­ніп, ақпанның 10-ына қарай гүл­дей бастады. Оранжереяда куба­лық лимон, мандарин секілді жеміс­тер бүр жарды. Олар қысы-жазы ерекше күтімде. Бүгінгі таңда мұнда 2 мыңнан аса өсімдік бар, – дейді Артур Разяпов.

Інжір – тұт тұқымдасына жа­татын субтропиктік жеміс. Оның құрамында C,B1,B2 дәруменде­рі, каротин, каль­ций, калий, фосфор, қант, пектин бар.

Айсұлу ХАНАТ,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp