Петропавлдағы ботаникалық бақта Рамазан айында інжір гүлдеді. Бұл – жылына бір рет болатын құбылыс. Ботаникалық бақтың директоры Артур Разяповтың айтуынша інжір тұқымы осындан 40 жыл бұрын Сухуми қаласынан әкеліп егілген.
– Інжірдің құрамында адам ағзасына пайдалы дәрумендер өте көп. Сондықтан ауызашарда осы жемісті жеген пайдалы. Биыл бақтағы өсімдіктердің бірқатары күннің жылуын ерте сезініп, ақпанның 10-ына қарай гүлдей бастады. Оранжереяда кубалық лимон, мандарин секілді жемістер бүр жарды. Олар қысы-жазы ерекше күтімде. Бүгінгі таңда мұнда 2 мыңнан аса өсімдік бар, – дейді Артур Разяпов.
Інжір – тұт тұқымдасына жататын субтропиктік жеміс. Оның құрамында C,B1,B2 дәрумендері, каротин, кальций, калий, фосфор, қант, пектин бар.
Айсұлу ХАНАТ,
М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.