Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов Петропавл қалалық полиция басқармасының, ведомство аппаратының жеке құрамымен кездесу өткізді.
– Қоғамның тыныштығы мен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртіп сақшыларының кәсіби әрекеттеріне тікелей байланысты. Полицейлер тұрақты жалақымен және әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етілген. Адамдардың заңды мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттердің мүлтіксіз орындалуы маңызды, – деді Айдын Қабдұлдинов.
Кездесулерде бейнероликтер көрсетілді, есепке алу-тіркеу және автокөлікпен жүру тәртібін бұзудың нақты жағдайлары, тұрақты бейне-бақылау талаптары, полиция қызметкерлері тарапынан жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтады болдырмауға бағытталған басқа да нормалар қарастырылды. Бөлімшелер басшылығына заң бұзушылықтарды жою жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Бүгіндері осындай кездесулер аудандық полиция бөлімдерінде жалғасуда.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.