«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қауіп сейілмей тұр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірдің шағын өзендері мен Сергеев су қоймасында ернеуі­нен тасып төгілген судың деңгейі аздап түсе бастады. Ал бөгеттен төмен орналасқан гидрологиялық бекеттерде керісінше, су көтеріліп келеді.

Сергеев су қоймасы 5 сәуірден бастап тасып, 8 сәуір күні ең жоғары көрсеткіш тіркелген болатын. Бұл күні судың тиісті деңгейден биіктігі 196 сантиметрге жетті.

“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық фи­лиалының мәліметінше, қазіргі уақытта қоймадағы судың биіктігі – 145 сантиметр. Есіл өзенінің салаларында су деңгейі тө­мендегенімен, гидрологиялық бекет­тердегі жағдай алаңдатуда. Есіл ау­данындағы Покровка елді мекенінің маңында су деңгейі бір тәулікте 139, Қызылжар ауданының Новониколь­ское ауылының қасында 275 санти­метрге көтерілген.

Тасқын су облыс орталығына жақындап қалды. Петропавл су қой­масындағы бекітпелерді ашқаннан кейін қала маңындағы гидробекетте бір тәулікте су деңгейі 136 санти­метрге жоғарылады.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp