«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Сәуір 10, 2023

АДАМЗАТ АҚЫЛ-ОЙЫНЫҢ ЖЕМІСІ

12 сәуір Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің мерекесі ретінде 2012 жылдан бері аталып келеді. Бұл датаның таңдалуы кездейсоқ емес. Қазақ ғылым академиясының тұңғыш перзиденті, атақты ғалым-геолог Қаныш Сәтбаев осы күні дүниеге келген. Ғылым қашанда адамзаттың ең басты құндылығы, ғылыми-техникалық прогрестің негізгі қозғаушы күші, бүкіл әлеуметтік-экономикалық салаларды дамытудың қуатты ресурсы саналады. Қазіргі заманғы отандық ғылым жақсы қарқынмен өркен …

АДАМЗАТ АҚЫЛ-ОЙЫНЫҢ ЖЕМІСІ Read More »

ТАЗАЛЫҚ ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

Көктем келіп, күн күлімдеп, ауа райы жылына бастағалы табиғат та ұйқысынан оянғандай жаңа кейіпке енді. Жер-ананың бауыры жібігелі жұртшылық та қызу жұмысқа кіріскен. Тұрғындар аулаларды абаттандырып, көше бойын тазалап, қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуде. Осы мақсатта өңір аумағында жыл сайын өтетін сенбілік биыл да кең ауқым алып, қоршаған ортаға бейжай қарамайтын жанашыр жандардың басын қосты. Қызылжарлықтардың …

ТАЗАЛЫҚ ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАДЫ Read More »

Кең тынысты, қуатты ақын

Биыл қасиетті Қызылжар топырағында дүниеге келіп, қазақ халқының егемен ел болуы жолында еңбек еткен, төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің дамуына зор үлес қосқан бірқатар айтулы жерлестеріміздің мерейтойлары аталып өтілуде. Солардың қатарында XVIII ғасырдағы әдебиетіміздің ірі өкілдерінің бірі – Шал (Тілеуке) Құлекеұлының есімі ерекше ілтипатпен айтылады. С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Дүлдүл ақын” деген атаумен ұйымдастырылған …

Кең тынысты, қуатты ақын Read More »

Көше кеңейтіледі

Биыл Петропавлдағы Горький көшесін жөндеу жұмыстары жалға­сады. Сәуірдің онынан бастап Партизан мен Исмаилов көшелері ара­лығындағы жол учаскесі жабылды. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар кө­лігі және автомобиль жолдары бөлі­мінің мәліметінше, ұзындығы 500 метрді құрайтын учаске 10 мау­сымға дейін жөнделеді. Осы уақыт ішінде мұндағы көлік қозғалысы шектелмек. №16 бағыттағы қоғам­дық көліктің жүру кестесіне өзгеріс енгізілді. Енді бұл …

Көше кеңейтіледі Read More »

ЖАНКҮЙЕРЛЕР ҚУАНЫШЫ

Өткен сенбі облыс орталығындағы “Жастар” стадионында жергілікті “Қызылжар” мен “Атырау” командалары арасында матч өтті. Алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голды матчтың 65 минутында пенальтиден Хосе Витор Родригес соқты. – Бүгінгі ойын біз үшін қиын болды. Өйткені қарсыластары­мыз өткен турдағы жеңілісінен кейін барын салып ойнады. Оның үстіне біздің көш бастап келе жатқанымыз жауапкер­шілікті арттыра …

ЖАНКҮЙЕРЛЕР ҚУАНЫШЫ Read More »

Азия біріншілігінің қола жүлдегері

Астана қаласында күрес түр­лерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың бірін­ші кү­нінде балуандар грек-рим күре­сінен сынға түсіп, жерлесіміз Аманғали Бекболатов қола жүл­дегер атанды. Солтүстікқазақстандық балуан 55 килограмм салмақ дәрежесінде белдесті. Алғашқы жекпе-жегінде үндістандық қарсыласынан 6:4 есе­бімен жеңілсе, жұбаныш белдесуінде Қырғызстан елінің өкілінен басым түсті. Ал үшінші орын үшін та­ласта қытайлық балуанды жеңіп, қола медальді еншіледі. Жарыстың …

Азия біріншілігінің қола жүлдегері Read More »

Қауіп сейілмей тұр

Өңірдің шағын өзендері мен Сергеев су қоймасында ернеуі­нен тасып төгілген судың деңгейі аздап түсе бастады. Ал бөгеттен төмен орналасқан гидрологиялық бекеттерде керісінше, су көтеріліп келеді. Сергеев су қоймасы 5 сәуірден бастап тасып, 8 сәуір күні ең жоғары көрсеткіш тіркелген болатын. Бұл күні судың тиісті деңгейден биіктігі 196 сантиметрге жетті. “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық фи­лиалының …

Қауіп сейілмей тұр Read More »

Жүргізушіні қылқындырған жолаушы

Петропавлда қоғамдық көлік жо­лаушысы автобус жүргізушісін қылқындырып, талдырып тастады. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ер адам өзі түсетін аялдамадан жа­ңы­лысып, сыртқа ортаңғы есіктен шықпақ болған. Алайда жүргізуші есікті ашпай, тек келесі аялдамада ғана тоқтаған. Бұған ашуланған жо­лаушы шығып бара жатып, жүргізушіні қылқындырған. Облыстық полиция департа­менті баспасөз қызметі осы оқиғаға қатысты түсінік берді. “Автобус Жәлел Қи­затов көшесіндегі аялдамада …

Жүргізушіні қылқындырған жолаушы Read More »

Балғындардың жыр бәйгесі

Қызылжар ауданының орталығы – Бескөл ауылында ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай “Бала тілі – бал” деген атаумен оқушылар айтысы өтті. “Парасат” мектеп-лицейінде ұйымдастырылған сөз сайысында облыс орталығы мен Қызылжар ауданынан өлеңге ынтық 8 өрен бақтарын сынады. Сайысты ұйымдастырушы айтыскер ақын Қабдолла Бейісханның сөзінше, мұндай шаралар өңірімізде өлеңге бейім жастардың жаңа буынын …

Балғындардың жыр бәйгесі Read More »

Тағам әзірлеп, кірпіш қалады

Петропавлда “Worldskills Kazakhstan” чемпионатының облыстық кезеңі басталды. Үстіміздегі жылы байқауға қатысуға өңірдің 20 колледжі ниет білдірген. Дода 15 күнге созылады. Сегізінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған байқауға 160-тан астам студент қатысып жатыр. Сайыс 23 бағыт бойынша өтуде. – “WorldSkills Kazakhstan” өңірлік чемпионатына қатысушы студенттер түрлі бағыттар бойынша өз шеберліктерін көрсетулері керек. Барлық студенттерге бірдей тапсырмалар берілді. …

Тағам әзірлеп, кірпіш қалады Read More »

БОЛАШАҚ ЗАҢГЕРЛЕР

“Қоғамдық келісім” КММ өкілдерінің жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің бейбітшілік және келісім орталығы базасында ұйымдастырған тренингі “Медиация – жанжалды жағдайларды сотқа дейін реттеу тәсілі ретінде” деген тақырып аясында өрбіді. Тренинг барысында студенттер “Кәсіпкерлер” және “Заңгерлер” болып екі топқа бөлінді. Бірінші топ заң талаптарын бұзушы ретінде сөз сөйледі. Екінші тарапқа құқық бұзушылықты анықтау міндеті жүктелді. Болашақ заңгерлер мемлекеттік …

БОЛАШАҚ ЗАҢГЕРЛЕР Read More »

Диванның астындағы мылтық

Облысымызда өткен “Қар” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары тіркелмеген атыс қаруын сақтаудың екі фактісін анықтады. Тайынша ауданындағы 52 жастағы тұрғынның үйінен полицейлер “ИЖ-54” тегіс ұңғылы аңшы мылтығын тапты. Ауыл тұрғыны қару-жарақты қонақ бөлмедегі диванның астында сақтаған. Ол қауіпті затты екі жыл бұрын қайтыс болған әкесінің үйінен алып келіпті. Ал Есіл ауданында 67 жастағы жергілікті …

Диванның астындағы мылтық Read More »

Дер кезінде жеткен жәрдем

Сәуір айының алғашқы күндері сағат 19:00 шамасында “Оңтүстік” бақылау-өткізу бекетінің жанына “ВАЗ-2114” көлігі тоқтайды. Есіл ауданының Ясновка ауылының тұрғыны полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Әйелдің айтуынша, олар облыстық перинаталдық орталыққа асығып бара жатқан. Алайда жүргізуші емдеу мекемесіне баратын жолды білмейтінін айтқан. “Жезқазған – Петропавл” автожолының учаскесін патрульдеп жүрген патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жомарт Тасбаев пен Игорь …

Дер кезінде жеткен жәрдем Read More »

Баланы – жастан…

“ЮНИСЕФ” келтірген мәліметтер­ге сүйенсек, балаларға зорлық-зомбылық көрсету, ұрып-соғып тәр­бие­леу жаһандық сипат алған. Соның салдарынан баланың үйден қашуы, далада түнеуі, түрлі қылмыстарға баруы, қатыгездік танытуы жиілеген. Жүргізілген зерттеулер бойынша жасөспірімдерді тәртіпке салу үшін отбасылардың 67 пайызы қол көте­ру, 65 пайызы психологиялық, 39 пайызы физикалық өктемдікті қолда­нады екен. Облыстық прокуратурада құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен өткен алқалы басқосу …

Баланы – жастан… Read More »

Татулықтың туы биік

Өңір басшысы Айдарбек Сапаров Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы мүшелерімен кездесті. Жергілікті жерде этносаралық қатынастарды нығайту мақсатымен құрылған 29 қоғамдық бірлестік өздеріне артылған сенімді ақтап отыр. Бүгінгі таңда 130-дан астам этнос өкілдері бір шаңырақ астында достық пен татулықта өмір сүріп, еліміздің гүлденуіне өз үлестерін қосуда. Түрі бөлек болса да, тілегі бір жандардың басын қосқан Қазақстан халқы …

Татулықтың туы биік Read More »

Маусымды сәтті бастады

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров “Қызылжар” футбол клубының ойыншыларымен кездесті. Қазақстан футбол федерациясының құрылғанына 30 жыл толуына орай бір топ азаматты төсбелгімен марапаттады. Кездесуде Айдарбек Сейпілұлы “Қызылжар” командасының биылғы маусымда көрсеткен нәтижелеріне тоқталып, алдағы ойындарына сәттілік тіледі. – “Қызылжар” клубының биылғы біріншіліктегі алғашқы қадамдары жаман емес. Төрт турдың қорытындысы бойынша өңір командасы турнирлік кестеде көш бастап …

Маусымды сәтті бастады Read More »

ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІ ҚЫМБАТ

Жақында өткен Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы – Жаңа Қазақстан құру мақсатындағы тағы бір оң қадам. Бұл саяси науқан бұрынғылардан өзгерек өткені баршаға мәлім. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сегізінші шақырылымдағы Мәжілістің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде: “Референдумнан кейін Конституцияның жаңа талаптарына сай билік тармақтарын түгел жаңғыртуға кірістік. Халықтың да көптен күткені осы еді. Конституциялық …

ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІ ҚЫМБАТ Read More »

Ауыл шаруашылығын әртараптандырмай, бұл салада өнімділік артпайды

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Айыртау ауданындағы жұмыс сапарын Антоновка ауылы маңында орналасқан “Борисфен” ЖШС-ның иелігіндегі тауарлы-сүт фермасын аралаудан бастады. Бұл – аудандағы үшінші сүт кешені. Екеуін “Арна” және “Әдемі Астық” шаруашылықтары іске қосқан болатын. Ерәлі Қожабергенов жетекшілік ететін серіктестік нысанның құрылысын осыдан екі жыл бұрын қолға алып, қажетті жабдықтарды орнатқан. Даниядан 238 бас асылтұқымды құнажын …

Ауыл шаруашылығын әртараптандырмай, бұл салада өнімділік артпайды Read More »