«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОЛАШАҚ ЗАҢГЕРЛЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Қоғамдық келісім” КММ өкілдерінің жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің бейбітшілік және келісім орталығы базасында ұйымдастырған тренингі “Медиация – жанжалды жағдайларды сотқа дейін реттеу тәсілі ретінде” деген тақырып аясында өрбіді.

Тренинг барысында студенттер “Кәсіпкерлер” және “Заңгерлер” болып екі топқа бөлінді. Бірінші топ заң талаптарын бұзушы ретінде сөз сөйледі. Екінші тарапқа құқық бұзушылықты анықтау міндеті жүктелді.

Болашақ заңгерлер мемлекеттік рәміздерді пайдалану және жұмысқа орналастыру қағидаларын бұзу бойынша жағдайларды қарастырды. “Құқықтану” мамандығының студенттері Алина Малыхина, Никита Цуркан мен Александра Дудина өз ойларын дәл және нақты жеткізгендері үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Оқытушылардың да кәсіби шеберлігін атап өткен жөн. Олардың көмегінің арқасында студенттер екі мәселені де жедел талдап, медиацияның көмегімен көптеген мәселелерді сотқа дейінгі тәртіппен шешуге болатындығын көрсетті.

– Біз студенттердің білімдерін тәжірибе жүзінде жетілдіріп отыруды көздейміз. Тренинг барысында болашақ заңгерлер бұл мамандықты құштарлықпен таңдамағандарын дәлелдей білді, – дейді “Құқықтану” бөлімі 244-ші топтың жетекшісі Наталья Зазулина.

Болат БАЗАРБАЕВ,

“Қоғамдық келісім” КММ басшысының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp