«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жүргізушіні қылқындырған жолаушы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда қоғамдық көлік жо­лаушысы автобус жүргізушісін қылқындырып, талдырып тастады.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ер адам өзі түсетін аялдамадан жа­ңы­лысып, сыртқа ортаңғы есіктен шықпақ болған. Алайда жүргізуші есікті ашпай, тек келесі аялдамада ғана тоқтаған. Бұған ашуланған жо­лаушы шығып бара жатып, жүргізушіні қылқындырған.

Облыстық полиция департа­менті баспасөз қызметі осы оқиғаға қатысты түсінік берді. “Автобус Жәлел Қи­затов көшесіндегі аялдамада тоқтап тұрған кезде ер адам жүргізушімен және басқа жолаушымен жанжалда­сып, бұзақылық әрекет жасаған. Осы факті бойынша облыс орталығының 67 жастағы тұрғыны ұсталды”, – де­лінген хабарламада.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі бойын­ша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер­дің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазір тер­геу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анық­талып жатыр. Олар­дың нәтиже­лері бойынша түпкілікті процессуал­дық шешім қабылданбақ.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp