Биыл Петропавлдағы Горький көшесін жөндеу жұмыстары жалғасады. Сәуірдің онынан бастап Партизан мен Исмаилов көшелері аралығындағы жол учаскесі жабылды.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, ұзындығы 500 метрді құрайтын учаске 10 маусымға дейін жөнделеді. Осы уақыт ішінде мұндағы көлік қозғалысы шектелмек. №16 бағыттағы қоғамдық көліктің жүру кестесіне өзгеріс енгізілді. Енді бұл автобус Жамбыл көшесі бойымен қатынайды.
Горький көшесіндегі жол учаскесін қалпына келтіру жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Биыл жұмыс жоспарына сәйкес, жол 15 метрге дейін кеңейтіліп, жаяу жүргіншілер жолы жөнделеді. Сондай-ақ жаңа аялдама павильондары қойылып, көше бойына жас көшеттер отырғызылады.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.