«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Маусымды сәтті бастады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров “Қызылжар” футбол клубының ойыншыларымен кездесті. Қазақстан футбол федерациясының құрылғанына 30 жыл толуына орай бір топ азаматты төсбелгімен марапаттады.

Кездесуде Айдарбек Сейпілұлы “Қызылжар” командасының биылғы маусымда көрсеткен нәтижелеріне тоқталып, алдағы ойындарына сәттілік тіледі.

– “Қызылжар” клубының биылғы біріншіліктегі алғашқы қадамдары жаман емес. Төрт турдың қорытындысы бойынша өңір командасы турнирлік кестеде көш бастап келеді. Құрамдағы 25 ойыншының 4-уі – жергілікті футбол мектебінің түлектері. Екінші лигада да облыс намысын жастардан құралған “Қызылжар М” ұжымы қорғап жүр. Оның сапында – тек жергілікті ойыншылар ғана. Біздің аяқ-допшыларға барлық жағдай жасалған. 2015 жылы клуб жанынан футбол орталығы ашылып, оған облыстың жасөспірімдер спорт мектептерінен 300 бала іріктелді. Сондай-ақ оқушылар арасындағы ел чемпионатында жастарымыз сәтті өнер көрсетуде, – деді Айдарбек Сапаров.

Облыс әкіміне өткен жылы “Жастар” стадионы жөнделгені туралы ақпарат берілді. Жергілікті бюджеттен 117 млн. теңге бөлініп, жаңа жасанды желек төселген. Енді футбол алаңында республикалық жарыстар өткізуге болады. Алдағы уақытта ел біріншілігінің ойындары осы стадионда өткізілмек.

Кездесуде футбол клубының атынан Айдарбек Сейпілұлына облыс құрамасының формасы мен добы табысталды.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp