«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Асығудың алды – ажал, арты – қайғы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста өткен үш айдың ішінде 35 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Сал­дарынан үш адам қаза тауып, 65-і жарақат алды. Қаза тапқан­дар­дың біреуі – бала. Жарақат алған­дардың арасында бес жасөспірім бар.

Жол-көлік оқиғаларының кө­бінде көліктер бетпе-бет соқтығыс­қан. Осындай 20 апат орын алды. Тәжі­рибе көрсеткендей, бұл көбіне ма­невр жасау ережелерін бұзу, қарсы жолаққа шығу, бағдаршамның ты­йым салынған сигналына өту, негізгі жолмен келе жатқан көлікті өткізбеу кезінде болады.

– Жол қателікті кешірмейді. Сон­дықтан автокөлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң сақтауға және қырағы болуға шақырамыз. Қиылыстардан өту ке­зінде ереже сақтамау, қарсы жо­лаққа шығу және басқа да өрескел ереже бұзушылықтардың зардабы ауыр, – дей­­ді облыстық полиция департа­мен­ті жергілікті полиция қыз­меті бас­қармасының бастығы Айдын Бай­матов.

Сондай-ақ жол-көлік оқиғалары жылдамдықты арттыру және ара қашықтықты сақтамаудан да болып жатады. Биыл мас жүргізушілердің кінәсінен үш жол апаты орын алды. Салдарынан бес адам жара­қат­танды. Жол-көлік оқиғаларының тағы бір кең тараған түрі – жаяу жүр­гіншілерді соғып кету. Жыл басынан бері осындай 9 оқиға тіркелді. Зар­дап шеккендердің төртеуі белгілен­беген жерде немесе бағдаршамның тыйым салынған сигналы кезінде жолды кесіп өтпек болған. “Қоз­ғалыстың бар­лық қатысушыларына жаяу жүр­гіншілер өткелдерінде ерекше қыра­ғылық танытуға кеңес береміз. Апатты азайту үшін поли­ция қыз­мет­керлері жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шараларды тұ­рақты түрде жүргізеді”, – дейді Ай­дын Байматов.

Қазіргі таңда облыс аумағында “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы жүріп жатыр. Бұл құқықтық тәртіпті нығайтуға және қозғалыстың барлық қаты­су­шылары ережені сақтауға шақыруды көздейді.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp