Астанада өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатында Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Эльмира Сыздықова алтын медаль жеңіп алды.
76 килограмға дейінгі салмақ дәрежесіндегі шешуші белдесуде жерлесіміз Айпері Медетқызымен (Қырғызстан) күресіп, жеңіске жетті. Бұл – Қазақстан әйелдер құрамасының алғашқы алтыны.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының атынан қатысқан грек-рим күресінің өкілі Аманғали Бекболат 55 килограмда қола жүлдегер атанған болатын.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.