«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сауатты маман – сапалы жұмыс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттің негізгі функция­ларына экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, қоғамдық тәр­тіпті сақтау және адамның, мем­лекеттің қауіпсіздігін қам­тамасыз ету міндеттері жатады.

Әлеуметтік функция білім, ғы­лым, денсаулық сақтау, халықты жұ­мыспен қамту, халықтың осал топ­тарын әлеуметтік қорғау, демогра­фиялық саясат және тағы басқа са­лаларды қамтиды. Қоғамдық тәртіпті сақтау, адам мен мемлекеттің қа­уіп­сіздігін қамтамасыз ету функциясы заңдылықты, құқықтық тәртіпті, еге­мендікті, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, олардың мен­шігін қорғау, сондай-ақ мемлекеттің егеменділігін және оның аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекет құқықтық жүйе­нің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, қылмыспен күреседі, қоғамдағы түр­лі қақтығыстарды шешуге ықпал етеді.

Біздің елімізде жергілікті, орта­лық және аумақтық атқарушы ор­ган­дар қызметкерлерінің, құқық қорғау және арнайы органдар қызметші­ле­рі­нің басым көпшілігі – мемлекеттік қызметшілер. Яғни мемлекеттік қыз­метшілерге экономикалық, ұйым­дас­тырушылық және әлеуметтік функ­цияларды, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау және адамның да, мемлекеттің де қауіпсіздігін қамта­масыз ету функцияларын жүзеге асы­ру міндеті жүктелген. Жоғарыда атал­ған белгілі постулаттар мен қарапайым шындықтарды сипаттай отырып, азаматтардың өз еліне, мем­лекет пен қоғам институттары­ның қалыпты жұмыс істеуі үшін қызмет етуінің маңыздылығы мен қажеттілі­гін түсіндіргім келеді. Мемлекеттік қызметші болу – қызметте де, тұрмыста да сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдармен, Әдеп кодексімен регламенттелген көптеген шектеу­лері бар өте құрметті және жауапты мамандық.

Еліміздің әрбір тұрғынының жа­қын немесе алыс туыстарының, дос­тары мен таныстарының кем деген­де біреуі – мемлекеттік қызметші. Мемлекеттік қызметшілердің, біздің қоғамның барлық мүшелері сияқты отбасы, туыстары, достары бар. Күн­делікті өмірде бәріміз бір-бірімізбен кездесеміз, араласамыз. Қажетті­міз­ді бір маркеттен және базардан са­тып аламыз. Ай сайын ипотека, кре­дит және тағы да басқа кезекті тө­лемдерді жүзеге асырамыз. Мен бұл мысалдар арқылы мемлекеттік қыз­метшілердің өзгелерден еш айырма­шылығы жоқ екенін айтқым келеді. Мемлекеттің кез келген парасатты азаматы сияқты, олар өздеріне жүк­телген міндеттерді адал орындайды.

Облыс әкімінің аппаратында көп­теген бөлім жұмыс істейді. Олардың міндеттері мен мақсаттары – мем­лекет және қоғам институттарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Барлық бөлімдердің ішінде – инспекторлық және аумақтық жұмыс бөлімі облыс әкімі аппаратының негізі болып табылады. Бөлімнің үйлесімді, жақсы ұйымдастырылған сауатты жұмысына өңір тұрғында­рының өмір сүру деңгейі, халыққа ұсы­нылатын қоғамдық және жеке игіліктердің саны мен сапасын арт­тыру, тұтастай алғанда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы тәуелді.

2021 жылдың маусым айынан бастап бұл бөлімді мінсіз қызмет атқарып келе жатқан Анатолий Та­рахтун басқарады. Анатолий Ана­тольевич аудан, қала және облыс әкімдігінде маман болып жұмыс істеген. Бөлімде өз ісінің тәжірибелі және сауатты бас инспекторлары жұ­мыс істейді. Олар – мемлекеттік қыз­метте көптеген жылдар бойы мінсіз қызмет атқарып жатқан Қазбек Се­рікбайұлы Орынбай , құқық қорғау ор­гандарында, Қазақстан Республика­сы Мемлекеттік қызмет істері агент­тігінің аумақтық департаментінде жұмыс істеген Султан Салаевич Ма­гомедов және осы лауазымға таға­йындалғанға дейін аудандық әкімдігі қатардағы маманнан бастап, облыс әкімдігінің басқармаларында жұмыс істей оты­рып, жергілікті атқарушы ор­ган­дар­дың барлық қызмет сатыла­рынан өткен, мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 12 жылды құрай­тын Нұр­жан Шалабайұлы Бұхаров.

Мемлекеттік қызметтің негізгі тірегі – талапты, өз ісін сүйе­тін, адал, сауатты және қарапа­йым қызметшілер. Жоғарыда есімдері аталған аза­маттар – 2021 және 2023 жылда­ры өз ұжымдарында ұйымдасты­рыл­ған “Үздік мемлекеттік қызметші” байқауының жеңімпаздары мен жүл­дегерлері.

Сейілхан СЕРІКБАЕВ,

облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp