Футболдан ел біріншілігінің алтыншы туры аясында “Қызылжар” командасы сырт алаңда павлодарлық “Ақсу” клубымен кездесті. Тартысқа толы матчта жерлестеріміз кезекті үш ұпайды еншіледі.
Жерлестеріміз алғашқы минуттардан бастап шабуылдауға кірісті. Бірақ бірінші гол тек 78-ші минутта соғылды. Нәтижелі соққының авторы Пернамбуко. Арада үш минут өткенде “Қызылжар” командасының жартылай қорғаушысы Марат Шахметов алыстан шірене теуіп, екінші голды соқты. Кездесу 0:2 есебімен аяқталып, петропавлдықтар кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Турнир кестесінде “Қызылжар” клубы 18 ұпаймен бірінші орында келеді, екінші сатыға “Ақтөбе” командасы көтерілді. Көш соңында – ақтаулық “Каспий”.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.