Сәуір айының басында облысымыздың үш тұрғынын кене шағып, дәрігерлерге жүгінді. Оның екеуі – кәмелеттік жасқа толмаған бала.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, өңірімізде өткен жылы кене шағудың 672 фактісі анықталып, кене энцефалитінің 3, лайм ауруының 2 жағдайы тіркелді.
– Кене шағу фактілері 2021 жылмен салыстырғанда былтыр 1,5 есеге артты. Биыл бұл оқиғаларды болдырмау мақсатында жұмыс жоспары құрылды. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде үстіміздегі жылдың сәуір және қыркүйек айлары аралығында Қызылжар ауданының Бескөл және Пеньково ауылдарында кенеге қарсы дезинсекциялық іс-шаралар өткізілетін болады. Кейін бұл жұмыстар қала аумағын қамтиды, – дейді Әсет Жұматаев.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.