Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының негізінде Мәдениет және спорт министрінің “2023-2025 жылдарға арналған мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесін бекіту туралы” №60 бұйрығына сәйкес Қожаберген жырау Толыбайұлының “Елім-ай” дастанының 300 жылдығы аталып өтіледі.
Осыған орай халықаралық “Жеті жарғы және Қожаберген жырау” қоғамдық қайырымдылық қоры қазақтың даңқты батыры, қолбасшы, жырау Қожаберген Толыбайұлын ардақ тұтқан азаматтардың қолдауымен жазба ақындардың “Елім-ай” жыры және Қожаберген батыр – Қазақ елінің намыс пен ерлік айнасы” атты республикалық жыр мүшәйрасын өткізгелі отыр.
Мүшәйраға еліміздің барлық аймақтарынан ақындар қатыса алады.
Үміткерлер қазылар алқасының қарауына үш өлең ұсынуы тиіс. Оның біреуі – Қожаберген жыраудың рухына бағышталса, екіншісіне “Елім-ай” дастаны арқау болуы керек, үшіншісі – еркін тақырыпта.
Шығармалардың көлеміне шек қойылмайды. Бұрын жарық көрген немесе қазылар алқасының қарауына белгіленген мерзімнен кеш түскен шығармалар бәйгеге қатыстырылмайды.
Шығармалар 2023 жылдың 15-мамырына дейін қабылданады. Сараптау нәтижесінде жүлдеге лайықты деп танылған ақындар үстіміздегі жылдың 26 мамырында Түркістан қаласында өтетін мүшәйраның ақтық сайысына шақырылады.
Мүшәйра жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады:
Бас бәйге (біреу) – 1000000 теңге;
Бірінші орынға бәйге (біреу) – 500000 теңге;
Екінші орынға бәйге (біреу) – 300000 теңге;
Үшінші орынға бәйге (екеу) – 200000 теңге;
Ынталандыру сыйлығы (екеу) – 150000 теңге.
Жабық бәйге болғандықтан, өлеңдер бүркеншік атпен (псевдоним) жолданады. Автордың аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны жазылған парақ кіші конвертке салынып, желімделіп, оның бетіне тек бүркеншік аты ғана жазылады. Бүркеншік ат үлкен конверттің сыртындағы жіберушінің ата-жөні деген орынға да жазылуы керек.
Бәйгеге қатысуға тілек білдіргендер өздерінің шығармаларын мына мекенжайға жолдаулары керек:
Шымкент қаласы, 160011, С.Пазылбеков көшесі, №5 үй, Заңғар-Заңгер кеңсесі, Халықаралық “Жеті жарғы және Қожаберген жырау” қоғамдық қайырымдылық қорына.
Анықтамаларды мына телефондар арқылы алуға болады:
8-775 405 04 11, 8-777 697 50 40.
Е-mail: “kynat_d@mail.ru”.
Ұйымдастыру алқасы.