Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы “Аң аулау ережесін бекіту туралы”, Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 14 наурыздағы “2023 жылғы 1 ақпаннан 2024 жылдың 15 ақпанына дейін жануарлар әлемінің нысандары болып саналатын жануарлардың түрлерін аулауға лимит белгілеу туралы” бұйрықтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы аумағында бекітілген аңшылық шаруашылықтардың алқаптарында 2023 жылғы 22 сәуір күні таңертеңнен 6 мамырға дейін құр мен үйректі аулауға (Қазақстан Республикасының “Қызыл кітабына” енгізілген түрлерінен басқа) рұқсат беріледі. Бұл кезде аңшының жануарлар әлемі субъектілерін аулауға тиісті квотасы болуы керек.
Аң аулауға жолдама мен рұқсат берілген кезде аңшыға құс тұмауының профилактикасы туралы жадынама және өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша нұсқаулық тапсырылуы тиіс. Аңшылық жасау тек үйректің тұлыбын қолдану арқылы ғана жүргізіледі. Резервтік қордағы аңшылық алқаптарында қаздардың барлық түрлерін, сондай-ақ аналық үйректер мен аналық құрларды атуға болмайды.
Дмитрий БУТЕНКО,
“Қызылжар орман шаруашылығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аңшысы.