«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұмытылмас әсер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаменті­нің қызметкерлері Мағжан Жұмабаев ауданындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталы­ғы­ның тәрбиеленушілеріне арнап “Ашық есік күнін” ұйым­дастырды.

Балалар де­пар­­та­­менттің же­дел басқару орта­лы­ғына, ауқым­ды жиындар өткізі­летін залына және мұражайға экс­курсия жа­са­ды. Мұражайда бүл­діршіндер­ге ұлт­тық қауіпсіздік ор­гандарының қалыптасу тарихы жайлы айты­лып, мұрағаттық фо­то­суреттер және қа­ру-жарақ пен байланыс құралда­ры көрсетілді. Орталық тәрбиеленуші­лері қыз­мет­керлер қолданатын ар­найы құрал-жабдық­тар мен қару-жарақтарды ерекше қызығушы­лық­пен тама­ша­лады. Содан кейін ба­ла­ларға ұлттық қауіпсіздік қызметі туралы бейнеролик көрсетіліп, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Экс­курсиядан ұмытылмастай әсер ал­ған балалар кең дас­тарқан басына жайғасып, мұра­жай сөре­леріндегі жәдігерлер ту­ралы ой­ларымен бөлісті.

Бұл күні департамент қызмет­керлері “Таза табиғат” экология­лық науқаны аясында ұйымдасты­рыл­ған сенбілікке де қатысты.

Департамент мамандары ме­ре­келерде балаларды қолдау ор­талығына барып, онда­ғы тәрбие­ле­ну­ші­лерге көтеріңкі көңіл күй сыйлауды, тәтті тоқаш­тар мен бағалы сыйлықтар үлес­тіруді дәс­түрге айналдырған.

Айгүл БУКИРОВА,

Ұлттық қауіпсіздік комитеті, облыстық департаментінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp