«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Екі баланы кене шақты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәуір айының басында облысымыздың үш тұрғы­нын кене шағып, дәрігерлерге жүгінді. Оның екеуі – кәмелеттік жасқа толма­ған бала.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департа­­ментінің басшысы Әсет Жұ­ма­таевтың айтуынша, өңірімізде өт­кен жылы кене шағудың 672 фактісі анықталып, кене эн­це­фа­литінің 3, лайм ауруының 2 жағдайы тіркелді.

– Кене шағу фактілері 2021 жылмен салыстырғанда былтыр 1,5 есеге артты. Биыл бұл оқиға­лар­ды болдырмау мақсатында жұ­мыс жоспары құ­рыл­ды. Мемлекет­тік тапсырыс шең­берінде үстіміз­дегі жылдың сә­уір және қыркүйек айлары ара­лығында Қызылжар ауданының Бескөл және Пеньково ауыл­да­рында кенеге қарсы дезин­сек­циялық іс-шаралар өткізілетін болады. Кейін бұл жұмыстар қала аумағын қамтиды, – дейді Әсет Жұматаев.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp