«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ ТАРАПҚА ДА ТИІМДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Президент Қасым-Жомарт То­қаев халыққа арнаған Жолдауында азаматтарымыз­дың құқықтарын қорғаудағы жүргізіліп жатқан ре­формалардың маңызын атап өтті. Осыған орай сот шешім­де­рі­нің са­пасын арттыруға, бірың­ғай сот тә­жірибесін орнықтыруды қам­тама­сыз етуге, сондай-ақ дау­лар­ды ше­шудің ерекше тетігі ре­тінде әкімші­лік әділет құрылымын ен­гізуге тап­сырмалар берді. Бұл ба­ғыт­тағы со­ны жаңалықтардың бірі – соттарда татуластыру институтта­ры­ның құ­рылуы бүгінде өзін-өзі ақ­та­ған тә­жірибе ретінде берік орны­ғып отыр. Жалпы дамыған елдерде дау-дамай­лардың 80-90 пайызы медиация тәртібімен шешіліп, бітім­мен аяқта­лады. Сондықтан аса күр­делі мәсе­лелер ғана сотта қаралып, қалғаны бойынша татуласу рәсімі қолданы­лып жатса, ешқандай әуре-сарсаң орын алмас еді. Уақыт және қаржы жағынан да көп үнем болары сөзсіз.

Сот екі тараптың талаптарын бір­дей қанағаттандыра алмасы әуел бастан басы ашық жайт. Ал дау-дамай туындағанда бірден сот­қа бармай, татуласу орталықтары­нан болмаса, кәсіби заңгерлерден құқықтық көмек алып, екі жаққа да қо­лайлы шешімді, келіссөз жүргізудің тиімді жолын анықтап алған дұрыс. Мәселен, отбасылық дау-дамай, оның ішінде мүлікті бөлісу жиі кез­деседі. Оны ағайын арасындағы ұрыс-керіске ұластырмай, бітім­гер­шілік жолмен шешу әлдеқайда ұтым­ды. Татуластырудың бір мыса­лына тоқтала кетейін. Жақын­да акционерлік қоғамның жауап­кер­шілігі шектеулі серіктестіктен 99 миллион теңгені өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды. Қос тарап 2019 жылдан бері екеуара шарттық қатынаста болғанымен, дау оның дұрыс орындалмауынан туындап, талап қоюшы жақ сотқа жүгінген. Іс қысқа мерзімде қаралып, тараптар­дың татуласуымен аяқталды. Бітім­гершілік шарттары бойынша жауап­кер қарызды толық қайтаруға мін­дет­телді. 3 миллион теңге мемле­кет­тік баж қайтарылды. Міне, бітім­гер­шілік даулардың тез әрі тиімді шешілуі тараптардың материалдық шығынының азаюына, адамдардың моральдық тұрғыда шаршамауына, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауына, тараптардың бір-біріне ке­шірім жасауына зор ықпалын тигізері анық. Бұл тәсіл – сот жүйесіндегі та­залықты, әділ төрелікті қамтама­сыз етудің бірден-бір жолы. Келіс­сөз рәсімі еріктілік, құпиялылық, та­раптардың тең құқылығы, бейтарап­тылық, процедураға араласуға жол бермеу принциптеріне негізделеді. Ең бастысы, татуластыру рәсімде­рі­нің салдары тараптарға іскерлік қатынастарды жалғастыруға, бұрын жасалған мәмілелер бойынша дауларды шешуге және жаңаларын жасауға, басқа көптеген даулар бойынша қатынастарын жалғасты­руға, қаржылық, шарттық және бас­қа да мәселелерді қысқа мерзімде шешуге мүмкіндік береді. Дауды ше­шудің осындай оңтайлы жолдары туралы біліп, екінші тараппен ме­диативтік келісімнің шарттарын тал­қылау арқылы сотқа жүгінетін аза­маттар дауды тезірек және аз шы­ғынмен шеше алады. Тараптардың татуласуға ниеті болмаған кезде дауды татуластыру рәсімдері арқы­лы шешу қиындық тудырады. Өйт­кені, қос тарап бұған дайын бол­мауы, кейбіреуі соңына дейін сот­тасуды көздеуі ықтимал. Қалай бол­ғанда да сот жүргізетін татуластыру рәсім­дері уақыт өткен сайын оң нә­тиже беріп келеді. Соның арқасын­да жүз­деген адамның өмірі жақса­рады, даулы жағдайдан бейбіт жол­мен шығады. Бітімгершілікке келуге ынталандыру үшін төленген бажды кері қайтару тәсілдері де қарасты­рылып отыр. Сот процесінде та­раптар татуласып немесе бітімгер­шілік келісімге келіп жатса, іс бо­йынша төленген мемлекеттік баж кері қайтарылады. Тараптардың бітімге келіп, істің бейбіт жолмен шешілуінің өзі – материалдық тұр­ғыдан зор көмек. Былтыр мамандан­дырылған ауданаралық эконо­ми­калық соттың судьялары 267 іс бойынша тараптарды татулас­ты­рып, 42894131 теңгеден астам мемлекеттік баж қайтарылды. Оның ішінде бітімгер судья 129 іс бойынша тараптарды татуластырды, 69 бітімгершілік келісім, 60 іс бойынша медиативтік келісім жасалды. Осы істер барысында 22332274 теңге­ден астам мемлекеттік баж қайта­рылды.

Жыл басынан бері сот судьяла­ры 83 іс бойынша тараптарды та­туластырды. Қайтарылған мемле­кет­тік баж салығының көлемі – 34 621532 теңге. Оның ішінде бі­тімгер судья қараған 52 іс бойынша тараптар бітімге келді. 25 бітімгер­шілік келісім, 27 іс бойынша медиа­тивтік келісім жасалды, 27561342 теңгеден астам мемлекеттік баж қайтарылды.

Тараптар достық, кәсіпкерлік қа­тынастарды сақтап, ортақ келісімге келе отырып, дауды бейбіт түрде ше­шудің қажеттігі қаншалықты ма­ңызды екенін түсінгендері абзал. Тә­жірибе көрсетіп отырғандай, тату­лас­тыру рәсімдері дауласқан та­рап­тардың ымыраға келуін басты мақ­сат етеді.

Бауыржан ЖАЙЖҰМАНОВ,

облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp