Облыста шетелдік автокөліктерді заңдастыру науқаны жалғасуда. Акция басталғалы бері өңірде 4115 адам өз көліктерін заңдастырып үлгерді.
– Бізге ауыр жүк көліктері бойынша көптеген сұрақтар келіп түсуде. Салмағы 3,5 тоннадан асатын жүк көліктері заңдастырылмайды, – дейді облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ішкі және сырты коммуникациялар бөлімінің инспекторы.