“Astana Qazaqstan Team” командасы “Джиро ди Сицилия” турына қатысты. Италияда өткен жарыстың соңғы және ең қиын таулы кезеңінде жерлесіміз Алексей Луценко жеңімпаз атанды.
Елордалық велоклубтың көшбасшысы жарыстың соңғы күнінде мәре сызығын бірінші болып кесіп өтіп, жалпы есепте де жеңіс тұғырына көтерілді.
– Мен соңғы кезең жалпы есептегі орын үшін шешуші сәт болатынын түсіндім. Сондықтан өзімді осы жарыс күніне дайындадым. Бұрылыстар көп болғандықтан финал өте қиынға соқты. Барымызды салдық, – дейді Алексей Луценко.
“Astana Qazaqstan Team” велошабандозы мәреге басты қарсыласынан 40 секунд ерте жетті.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.