«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тазалық сақтамаған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Абаттандыру ереже­ле­рі­нің сақталуын қада­ғалау тәртіп сақшылары­ның міндеті саналады. Өңір полицейлері жыл ба­сынан бері абаттандыру ереже­ле­рін бұзудың 4 мың­нан астам дерегін анықта­ды. Учаскелік инспек­тор­лар бұл жұмысты об­лыс орта­лығында да, ауыл­ды жер­лер­де де жүр­гізеді.

Петропавлда өзіне тиесілі ғи­мараттың қасбеті мен іргелес аумақты дұрыс ұстамағаны, қоқысты уақтылы шығармағаны үшін 49 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды.

Заң талаптары ескерту жасау­ды немесе жеке тұлғаларға – 20, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммер­циялық емес ұйым­дарға – 30, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 айлық есептік көрсеткіш мөлше­рін­де айыппұл салуды көздейді. “Жүргізіліп жат­қан жұмыстардың барлығы – елді мекендердің санитарлық жағда­йын жақсартуды көздейді. Кәсіп­керлердің дені қала тазалығына жүрдім-бардым қарайды. Сәуір айының өзінде 565 адам абат­тандыру ере­жесін бұзғаны анық­тал­ды”, – дейді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бас­тығының орынбасары Александр Розбах.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp