«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ізін суытпай ашты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департа­менті ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы жыл басынан бері бір­қатар ауыр және аса ауыр қылмыс­тардың бетін ашты. Мәселен, поли­цияға 18 жастағы қала тұрғыны жү­гініп, белгісіз адамдар оған күш көр­сету арқылы 40000 теңге талап етіп жатқанын айтқан. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде об­лыс орталығының 17 жастағы үш тұр­ғыны ұсталды. Заттай дәлелде­мелер тәркіленіп, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ақпан айының соңында Петро­павл тұрғындарының бірі тіркел­меген қаруды жасырғаны туралы мәліметтерді тексеру кезінде “Че­лябі-Новосібір” тас жолында ВАЗ-2115 автокөлігі тоқтатылды. Жүк­сал­ғыштан екі тіркелмеген тегіс ұң­ғылы мылтық және төрт сібір елігінің еті табылды. Бұдан кейінгі іс-ша­ралар барысында Петропавлдағы саяжай учаскелерінің біріндегі үйден 2 елік­тің еті мен 41 терісі, 119 тұяқ, 12 басы тәркіленді. Күдіктілер қамауда отыр.

Петропавлда қоғамдық орын­дарда мас күйде төбелес шығарып, күзет пен келушілерді жүйелі түрде қорқытып келген 22 жастағы жігіт ұсталды. Ол 18 жасынан бастап түрлі құқық бұзушылықтар үшін сегіз рет жауапқа тартылған екен.

Жандос БАСЫБАЕВ,

облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp