«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үйрек атуға рұқсат

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ауыл шаруашылығы министрі­нің 2015 жылғы 27 ақпандағы “Аң аулау ережесін бекіту туралы”, Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 14 наурыздағы “2023 жылғы 1 ақ­паннан 2024 жылдың 15 ақпанына дейін жануарлар әлемінің нысан­дары болып саналатын жануар­лар­дың түрлерін аулауға лимит белгілеу туралы” бұйрықтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан об­лы­сы аумағында бекітілген аңшылық шаруашылықтардың алқаптарын­да 2023 жылғы 22 сәуір күні та­ңер­теңнен 6 мамырға дейін құр мен үйректі аулауға (Қазақстан Рес­пуб­ликасының “Қызыл кітабына” енгізіл­ген түрлерінен басқа) рұқсат бері­ле­ді. Бұл кезде аңшының жа­нуар­лар әлемі субъектілерін ау­лауға тиісті квотасы болуы керек.

Аң аулауға жолдама мен рұқ­сат берілген кезде аңшыға құс тұмауының профилактикасы туралы жадынама және өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша нұсқаулық тапсырылуы тиіс. Аңшылық жасау тек үйректің тұлыбын қолдану ар­қылы ғана жүргізіледі. Резервтік қор­дағы аңшылық алқаптарында қаздардың барлық түрлерін, сон­дай-ақ аналық үйректер мен ана­лық құрларды атуға бол­майды.

Дмитрий БУТЕНКО,

“Қызылжар орман шаруашылығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аңшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp