«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 17.04.2023

Өлеңнің жарық жұлдызы

Биыл Алаштың ардақты перзенті, аяулы ақын, жер­лесіміз Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толады. Осынау мерейлі датаға орай жер-жерлерде түрлі әдеби шаралар, рухани кештер ұйымдастырылуда. Соның бірі – М. Қо­зыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде өткен “Мағжан оқулары” . Байқауға қатысушылар үш ата­лым бойынша бақтарын сынады. “Мен өлмеймін, менікі де өлмейді” атты кезеңде талапкерлер ақын өлең­дерін жатқа …

Өлеңнің жарық жұлдызы Read More »

“Елім-ай” — ерліктің айнасы

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының негізінде Мәдениет және спорт министрінің “2023-2025 жылдарға арналған мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесін бекіту туралы” №60 бұйрығына сәйкес Қожаберген жырау Толыбайұлының “Елім-ай” дастанының 300 жылдығы аталып өтіледі. Осыған орай халықаралық “Жеті жарғы және Қожаберген жырау” қо­ғамдық қайырымдылық қоры қазақ­тың даңқты батыры, қолбасшы, жы­рау Қожаберген Толыбайұлын ардақ тұтқан азаматтардың қолдауымен жазба ақындардың …

“Елім-ай” — ерліктің айнасы Read More »

Екі баланы кене шақты

Сәуір айының басында облысымыздың үш тұрғы­нын кене шағып, дәрігерлерге жүгінді. Оның екеуі – кәмелеттік жасқа толма­ған бала. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департа­­ментінің басшысы Әсет Жұ­ма­таевтың айтуынша, өңірімізде өт­кен жылы кене шағудың 672 фактісі анықталып, кене эн­це­фа­литінің 3, лайм ауруының 2 жағдайы тіркелді. – Кене шағу фактілері 2021 жылмен салыстырғанда былтыр 1,5 есеге артты. Биыл бұл оқиға­лар­ды …

Екі баланы кене шақты Read More »

Үйрек атуға рұқсат

Ауыл шаруашылығы министрі­нің 2015 жылғы 27 ақпандағы “Аң аулау ережесін бекіту туралы”, Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 14 наурыздағы “2023 жылғы 1 ақ­паннан 2024 жылдың 15 ақпанына дейін жануарлар әлемінің нысан­дары болып саналатын жануар­лар­дың түрлерін аулауға лимит белгілеу туралы” бұйрықтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан об­лы­сы аумағында бекітілген аңшылық шаруашылықтардың алқаптарын­да 2023 жылғы 22 …

Үйрек атуға рұқсат Read More »

Ұмытылмас әсер

Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаменті­нің қызметкерлері Мағжан Жұмабаев ауданындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталы­ғы­ның тәрбиеленушілеріне арнап “Ашық есік күнін” ұйым­дастырды. Балалар де­пар­­та­­менттің же­дел басқару орта­лы­ғына, ауқым­ды жиындар өткізі­летін залына және мұражайға экс­курсия жа­са­ды. Мұражайда бүл­діршіндер­ге ұлт­тық қауіпсіздік ор­гандарының қалыптасу тарихы жайлы айты­лып, мұрағаттық фо­то­суреттер және қа­ру-жарақ пен байланыс құралда­ры көрсетілді. Орталық тәрбиеленуші­лері …

Ұмытылмас әсер Read More »

Тазалық сақтамаған

Абаттандыру ереже­ле­рі­нің сақталуын қада­ғалау тәртіп сақшылары­ның міндеті саналады. Өңір полицейлері жыл ба­сынан бері абаттандыру ереже­ле­рін бұзудың 4 мың­нан астам дерегін анықта­ды. Учаскелік инспек­тор­лар бұл жұмысты об­лыс орта­лығында да, ауыл­ды жер­лер­де де жүр­гізеді. Петропавлда өзіне тиесілі ғи­мараттың қасбеті мен іргелес аумақты дұрыс ұстамағаны, қоқысты уақтылы шығармағаны үшін 49 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды. Заң талаптары ескерту жасау­ды немесе …

Тазалық сақтамаған Read More »

Ізін суытпай ашты

Облыстық полиция департа­менті ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы жыл басынан бері бір­қатар ауыр және аса ауыр қылмыс­тардың бетін ашты. Мәселен, поли­цияға 18 жастағы қала тұрғыны жү­гініп, белгісіз адамдар оған күш көр­сету арқылы 40000 теңге талап етіп жатқанын айтқан. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде об­лыс орталығының 17 жастағы үш тұр­ғыны ұсталды. Заттай дәлелде­мелер тәркіленіп, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу …

Ізін суытпай ашты Read More »

ӘҢГІЛ ҚАРТТЫҢ ӘҢГІМЕСІ

Жаһандану мен қалалану дәуірінде қазақтың руханиятынан жоғалып бара жатқан өнердің бірі – әңгімешілдік. Әңгімешілдік – ғажап өнер! Шешендік өнермен қатарда тұруға лайық өнер. Қазақтың, қала берді әлемнің таңғажайып оқиғалары, әдеби мұрасы, тарихы әңгімешіл қарттардың әсерлі әңгімелерінің арқасында бүгінгі күнге жетті. Бір өзі бір театрдың жүгін арқалап, жиылған алқалы топты аузына қаратып, таңды таңға жалғайтын қазыналы …

ӘҢГІЛ ҚАРТТЫҢ ӘҢГІМЕСІ Read More »