Табиғатты қорғау полицейлері рейдтік іс-шараларды күшейтті. Тәртіп сақшылары Шал ақын ауданы маңынан “Audi-100” автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көліктің жүксалғышынан қапқа салынған салмағы он бес килограмнан асатын сегіз шортан мен ау табылды. Ауыл тұрғынына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 383-бабының 3-бөлігі “балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу” бойынша материал жиналды. Бұл баптың санкциясына сәйкес жеке тұлғаға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Уылдырық шашатын кезде шортан аулауға тыйым салынғанын ескертеміз.
Игорь МЕРЦАЛОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.