«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Барлығы тең

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ерекше қажеттіліктері бар бала­ларға қамқорлық отбасында ғана емес қоғамда да көрсетілуі керек. Олар өздерін дені сау сәбилер сияқты сезінулері тиіс. Облыс орталығында “Барлығымыз теңбіз” деген атаумен ұйымдастырылған фестиваль осы мақсатты көздеді. Оған өнер мен спортқа әуес өрендер қатысты.

Бұл шараны М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан универси­тетінің “Мәдени тынығу жұмысы” мамандығы бойынша білім алып жүр­ген студенттері ұйымдастырды.

– Біз ерекше күтімді қажет ететін балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлауды жөн көрдік. Олар көрермендер алдында өз қабілеттерін паш етіп, ән айтып, би биледі. Қазылар ал­қасы сахнада өнер көрсеткен олардың барлығын жеңімпаз деп танып, сыйлықтар үлестірді. Петро­павл қаласында осындай санаттағы балалар аз емес. Бұл шараны өткізу арқылы олардың ата-аналарына пси­хологиялық көмек көрсетуге тырыстық, – дейді фестивальді ұйымдас­тырушылардың бірі Ирина Рева.

Қаладағы мектеп оқушылары­ның басын қосқан шара №8 мектеп­те өтті. Аталған білім ордасында 2018 жылы инклюзивті білім беру каби­неті ашылған. Онда бүгінде он бала оқиды. Олардың әрқайсы­сы өнерлі. Бірі ән айтса, енді бірі спортқа бейім.

– Фестивальді ұйымдастырушы­ларға ризашылығымыз шексіз. Бір серпіліп қалдық. Ерекше қажеттелік­тері бар перзент тәрбиелеп отырған ата-аналардың дені жан жараларын ашып айта бермейді. Мұндай сәби­лер де қоғамның толыққанды мү­шесіне айналулары керек. Осындай мәдени шаралар жиі өткізіліп тұрса нұр үстіне нұр болар еді, – дейді ата-аналардың бірі Ольга Коробкина.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp