«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАҒА БАҚЫЛАУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Amanat” партиясының облыс­тық филиалы жанындағы бақылау комиссиясы алты айдың ішінде 82 сауда нүктесіне барып, тұрақтан­дыру қорынан бөлінетін азық-түлік өнімдерінің бағасын қадағалады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 түрлі тағам енгізілген. Олардың ішінде ұн, макарон, жұмыртқа, күріш, қара­құмық, күнбағыс майы, сиыр, тауық еті, көкөніс, тұз секілді жұртшылық көп тұтынатын азық-түлік бар.

Мониторинг барысында сауда орындарында сатылатын тұрақ­тандыру қоры өнімдерінің бағасы белгіленген 15 пайыздық үсте­меден аспайтыны анықталды. Кей­бір тауар түрлерінің бағасы шекті бағадан төмен екен. Мәселен, бір килограмм қанттың бағасы 460 тең­геден аспауы тиіс болса, бірқатар супермаркеттерде ол 394 теңгеден саудаланып жатыр.

Тұрақтандыру қорының өнімдерін сататын супермаркеттердің бірі – “Aimer”. Мұнда барлық кө­терме және бөлшек сауда бағала­ры белгіленген нормаларға сәйкес. Күріш – 335, жұмыртқа – 350, өсім­дік майы – 700, картоп – 110 теңге. Бағаға үстеме қосылмағанымен, кей тауарлар сөрелерде болмай шықты. Бұл өнімдердің сұранысқа ие екендігін айтқан сауда үйінің әкім­шілігі жақын күндері жеткізі­ле­тінін айтып сендірді.

Партиялық бақылау комис­сия­сының мүшесі Александр Зель тұр­ғындар тұрақтандыру қоры бел­гіле­ген қолжетімді бағаға риза еке­нін айтады. Басқа сауда нүктелері­мен салыстырғанда біршама ар­зан.

Партия мүшелері жанар-жағармай, көмір бағаларын да тексеріп, дәрілік препараттарға мониторинг жүргізді. Дәлірек айт­қанда, 30 жанар-жағармай бекеті мен 35 дә­ріханада болды. Ондағы мақсат – шекті бағадан асып ке­туіне жол бермеу.

Бағаға байланысты келеңсіз­діктер орын алса, “Amanat” пар­тиясы филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жүгінуге болады.

Ілияс СӘБДИНОВ,

“Amanat” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp