«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Сәуір 24, 2023

ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 2005 жылдан бастап енгізілді. Бұл төлем зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған жеке тұлғаларға тағайындалады. Қазақстанда базалық зейнетақы барлық зейнеткерге бірдей мөлшерде төленетін. Ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап тағайындау әдістемесі өзгеріп, оның мөлшері азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты есептелетін болды. 2023 жылға дейін мемлекеттік базалық зейнетақы …

ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР Read More »

Ескі мен жаңаның үйлесімі

Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаев тұрғындарды шаһардың дизайн-кодын әзірлеуге белсене қатысуға шақырды. Биыл қаланың ерекшелігін көрсететін дизайн-кодты жасауға бюджеттен 81 млн. теңге бөлінбек. “Сәуірдің 19-ы күні елордада өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңеске қатыстым. Алқалы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қалалардың сыртқы кейпіне тоқталды. Петропавл – шағын, өзіне тән жылы атмосферасы, тарихы мен …

Ескі мен жаңаның үйлесімі Read More »

САЛЫҚ САЯСАТЫ ИКЕМДІ БОЛУЫ ТИІС

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейінгі Жолдауларында жария етілген ауқымды реформаларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналған кеңейтілген кеңесте одан әрі дәйектеп, түпкі мақсат халықтың өмір сапасын жақсартуға, табысын көбейтуге, азаматтардың өзін-өзі дамытуға барлық мүмкіндікті жасауға жұмылдырылатынын айрықша атап көрсетті. Осыған орай азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу, агроөнеркәсіп саласын дамыту, отандық өндірісті ұлғайту, байыпты макроэкономикалық саясат …

САЛЫҚ САЯСАТЫ ИКЕМДІ БОЛУЫ ТИІС Read More »

БІР ҮЙДІҢ БАЛАСЫНДАЙ

№17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған фестиваль өтті. Шарада өңірімізде бір үйдің балаларындай тату-тәтті тұрып жатқан түрлі этнос өкілдерінің тағамдары, салт-дәстүрлері көрсетіліп, концерттік бағдарлама қойылды. Біздің еліміз – көпэтносты мем­ле­кет. Жүзден астам ұлыстың қа­ра­шаңырағына айналған Қазақстанды әлем жұртшылығы бірлігі бекем, тір­лігі көркем ел ретінде үлгі тұтады. Фестиваль барысында …

БІР ҮЙДІҢ БАЛАСЫНДАЙ Read More »

Ғылыми жұмыстар байқауы

Облыс орталығында “Жас био­лог – зерттеуші” байқауы өтті. Сайысқа 40-қа жуық оқушысы қатысып, ғылы­ми-зерттеу жұмыстарын қорғады. Осымен бесінші жыл қатарынан ұйым­дастырылып жатқан байқаудың мақсаты – биология пәнін терең мең­геруге құлшыныс танытып жүрген оқу­шыларды анықтап, олардың ғы­лыми еңбектерін тәжірибеге енгізу. – Биология мен химия пәнін терең меңгерген оқушылардың зерт­теу жұ­мыстары өте қызықты. Олардың арасында жобасын бизнеске …

Ғылыми жұмыстар байқауы Read More »

ДҮБІРЛІ ДОДА

Петропавлда құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары қызметкерлері арасында қазақ күресінен жарыс өтті. Республикалық турнир Ұлы Отан соғысының ардагері, милиция генерал-майоры Ахмет Тұмарбековтің туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Елімізде қазақ күресінен дүбір­лі дода осымен бесінші жыл қата­рынан өткізіліп отыр. Петропавл­дағы турнирдің салтанатты ашы­луына қатысқан облыс әкімі аппаратының басшысы Олжас Ыдырысов балуандарға сәттілік тіледі. Со­дан …

ДҮБІРЛІ ДОДА Read More »

“Қызыл” құжатпен жүрген

Осы күнге дейін кеңес заманындағы қызыл паспортпен жүрген жеті тұрғын биыл жаңа жеке куәлікке қол жеткізді. Елімізде 1974 жылғы үлгідегі қы­зыл түсті кеңес одағының паспорты қолданыстан алынғаны белгілі. Қазақстан аза­матының жеке басын куәландыратын құжаттар 1994 жылы ен­гізілді. Ескі паспортпен жүрген адам­дар бірқатар мемлекеттік қызметтерді ала алмайды, төлемдерді рәсімдеу кезінде кедергілерге тап болады. Де­генмен, тұрғындар арасында …

“Қызыл” құжатпен жүрген Read More »

Тең есеппен тарқасты

Футболдан ел біріншілігінің 7-ші турында “Қызылжар” клу­бы өз алаңында ақтаулық “Каспийді” қабылдады. “Жастар” ста­дионында өткен ойында командалар тең есеппен тарқасты. Бұл кездесуге дейін жерлесте­рі­міз алты ойында да жеңіске ­жетсе, ақтаулықтар тек соңғы матчта ғана көкшетаулық “Оқжетпес” клу­бынан басым түскен болатын. Осы­лайша турнирлік кестеде солтүс­тікқазақстандықтар 18 ұпаймен бі­рінші орында тұрған. Жерлестеріміз матчтың бірінші минуттарынан бастап шабуылға …

Тең есеппен тарқасты Read More »

Жетпіс төрттегі мас жүргізуші

Қызылжар ауданының орта­лығы Бескөл ауылында учаскелік полиция инспекторы тексеру мақса­тымен “Ssang Yong” автокөлігін тоқтатқан. Полиция қызметкеріне көлікті басқарып келе жатқан 74 жастағы жергілікті тұрғын жақсы таныс болатын. Ол биыл қаңтар айында мас күйінде көлік тізгін­дегені үшін жүргізуші куәлігінен айы­рылған. Сот шешімін елемеген одан ішім­діктің иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру оның қайтадан орташа мас күйде көлік …

Жетпіс төрттегі мас жүргізуші Read More »

Евгенийдің ерлігі

Облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов ауыр қылмысты ашуға көмектескен Петро­павл қаласының тұрғынын Алғыс хатпен марапаттады. Оқиға былай болған: өткен жыл­дың қазан айында Евгений Рос­товский домофонға кімнің қоңырау шалғанын білу үшін пәтерінен шық­қан. Ол кіреберістен қансыраған, ес-түссіз адамды көтеріп әке­ле жатқан екі жігітті көреді. Евгений олардан полицияға хабар берілген-берілмегендігі туралы сұраған. Жауап болмағаннан кейін дереу …

Евгенийдің ерлігі Read More »

“Еңбек жолы”

2023 жылғы 1 мамыр мен 1 шілде аралығында “Ең­бек жолы” байқауына қа­тысуға ниетті үміт­кер­лерден өтінімдер қа­былданады. Конкурс “Үздік еңбек әулеті”, “Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері”, “Өндірістің үздік жас қызметкері” аталымдары бо­йынша өтеді. Аталған байқау жастарды еңбекке баулуды, адалдыққа тәрбиелеуді көздейді. Конкурс қо­ғамдағы еңбек адамының мәр­тебесін арттыруға және “Жал­пыға ортақ еңбек қоғамы” ұраны аясында еңбек өнімділігін ынта­ландыруға …

“Еңбек жолы” Read More »

ОҚУ ОРДАСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

Сексен жылдан астам тарихы бар М. Қозыбаев атындағы Солтүс­тік Қазақстан университеті осы уа­қыт бедерінде түрлі жолдан өтті. Бі­лім ордасының қалыптасуына аға буын өкілдерінің қосқан үлесі ора­сан. Жуырда облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен оқу ошағын­да қырық жылдан астам уақыт бойы қызмет атқарып, шәкірт тәрбиелеу ісіне үлес қосқан аға буын өкілдері уни­верситеттің жаңадан салынған оқу-зертханалық корпусын аралап …

ОҚУ ОРДАСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР Read More »

МАҚСАТ — ЕУРОКУБОК ЖАРЫСТАРЫНА ЖОЛДАМА АЛУ

Футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінде “Қызылжар” топ бастап келеді. Алты турдың қорытындысы бойынша жерлестеріміздің қоржынында 18 ұпай бар. Ел кубогының 1/8 финалында да жергілікті аяқдопшылар жеңіске жетті. Өткен маусымда Конференция лигасында өнер көрсеткен жерлестеріміз чемпионатта шаршаңқы ойнағаны белгілі. Екі жарыста қатар үздік нәтиже көрсету қиын, сондықтан биылғы трансферлік ауыс-түйіс кезінде клубқа жаңа ойыншылар қосылды. …

МАҚСАТ — ЕУРОКУБОК ЖАРЫСТАРЫНА ЖОЛДАМА АЛУ Read More »

Лаңкестікке қарсы жаттығу

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сол­түстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің терроризмге қарсы орталығы бөлімінің қызметкерлері алты ауданда жедел-тактикалық оқу-жаттығу жиындарын өткізді. “Нақты жағдайларға жақын ке­зеңдерде жедел штабтың қойыл­ған міндеттерін тексеру және көрсету” тақырыбында өткен іс-шараларға өңірдің Қызылжар, Есіл, Айыртау, Тимирязев, Шал ақын және Ғабит Мү­сірепов атындағы аудандардың мемлекеттік органдары қатысты. Іс-шараның мақсаты – мемле­кеттік органдардың ведомствоара­лық өзара …

Лаңкестікке қарсы жаттығу Read More »

Заңдылықты сақтау – басты талап

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті биылғы жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Жиын барысында департамент бастығының міндетін атқарушы Әді­лет Мұстафинов жеке құрамға Ішкі істер Ми­нистрінің қызметі жетілдіру бойынша қойыл­ған міндеттер мен талаптар туралы нұсқауын жеткізді. Сондай-ақ облыс бойынша қыл­мыстық атқару жүйесі департа­мен­тінің және ведомство­лық бағынысты мекемелер қызме­тінің қорытын­дысы шығарылды, же­ке құрам ара­сында тәртіп пен заң­дылықтың сақ­талуы …

Заңдылықты сақтау – басты талап Read More »

Ротацияның тиімділігі

Мамлют ауданына жұмыс сапа­рымен барған мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің басшысы Елена Степа­ненко “дөңгелек үстел” басына жи­налған мемлекеттік қызметшілерге атқарылған жұмыстар мен тиісті заң жобасына енгізілген өзгерістер жайлы айтып берді. “Цифрландыруды дамыту” жо­басы бойынша агенттікке мемле­кет­тік қызметтерді ұсыну кезінде заң бұзушылықтың алдын алу функ­циясы берілген. Себебі кейде қызметтер уақтылы көрсетілмейді немесе негізсіз бас тарту …

Ротацияның тиімділігі Read More »

Табыстың жартысы — тамаққа

Ұлттық статистика бюросы об­лыстық департаменті тұрғындар­дың былтырғы шығысын зерттеп, халықтың жан басына шаққандағы айлық орташа шығысы 88,9 мың теңге болғанын анықтады. Халықтың ай сайынғы ақшалай шығысы 2021 жылмен салыстыр­ғанда 16,1 пайызға артқан. Тұрғын­дар табысының негізгі бөлігін, яғни 89,5 пайызын тұтыну шығындары құ­рай­ды. Қалғанын тұрғындар мате­риалдық көмекке, алимент, несие мен қарызды өтеуге, салық­тарды төлеуге жұмсаған. Отбасылық …

Табыстың жартысы — тамаққа Read More »

Тайыншадағы жағымсыз иіс

Өңірімізде экологиялық ахуал тұрақты болғанымен, кей­бір мәсе­ле­лерді бақылауда ұс­тау аса ма­ңызды. Облыстық эко­логия департа­менті­нің басшысы Азамат Бек­тасов жұ­мыс сапарымен Тайынша ауда­нына барып, жергілікті тұрғын­дар­мен кездесті. Кездесу бары­сында тұрғындардың наразылы­ғын ту­дыр­ған бірқатар мәселелер тал­қыланды. Бүгінгі күні өңірде қатты тұр­мыс­тық қалдықтарға арналған 453 орын бар, оның 59-ы Тайынша ау­данының аумағында орналасқан. Бұл полигондардың барлығында рұқ­сат құжаттары бар. …

Тайыншадағы жағымсыз иіс Read More »

Қылмыс азайған

Облыстық полиция департамен­тінде биылғы үш айда атқарылған же­дел-қызметтік жұмыстың нәтижелері қаралды. Оған облыстық полиция департаментінің басшылығы, бас­қар­малардың бастықтары, ба­тальон­дардың командирлері қатыс­ты. Жедел кеңес отырысына аудан­дық полиция бөлімдерінің басшы­лары мен жеке құрамы бейнебай­ланыс арқылы қосылды. Облыстық полиция департа­мен­ті бастығының орынбасары Еңбек Сембин бөліністерінің жедел-қызметтік жұ­мысының бірінші тоқсан­дағы нәти­же­лері және алдағы ке­зеңге ар­налған басымдықтар ту­ралы баян­дады. Ол …

Қылмыс азайған Read More »

БАҒА БАҚЫЛАУДА

“Amanat” партиясының облыс­тық филиалы жанындағы бақылау комиссиясы алты айдың ішінде 82 сауда нүктесіне барып, тұрақтан­дыру қорынан бөлінетін азық-түлік өнімдерінің бағасын қадағалады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 түрлі тағам енгізілген. Олардың ішінде ұн, макарон, жұмыртқа, күріш, қара­құмық, күнбағыс майы, сиыр, тауық еті, көкөніс, тұз секілді жұртшылық көп тұтынатын азық-түлік бар. Мониторинг барысында сауда орындарында …

БАҒА БАҚЫЛАУДА Read More »