«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІР ҮЙДІҢ БАЛАСЫНДАЙ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

№17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған фестиваль өтті. Шарада өңірімізде бір үйдің балаларындай тату-тәтті тұрып жатқан түрлі этнос өкілдерінің тағамдары, салт-дәстүрлері көрсетіліп, концерттік бағдарлама қойылды.

Біздің еліміз – көпэтносты мем­ле­кет. Жүзден астам ұлыстың қа­ра­шаңырағына айналған Қазақстанды әлем жұртшылығы бірлігі бекем, тір­лігі көркем ел ретінде үлгі тұтады. Фестиваль барысында Отанды сүю­дің маңызы туралы айтылып, ұстаз­дар қауымы жас ұрпақты елжанды, қайырымды болуға шақырды.

Бүгінде аталмыш білім ордасын­да 2 мыңға жуық бала білім алып жа­тыр. Олардың арасында он жеті этностың өкілі бар. Концерттік шара­дан оқушылардың ата-аналары да қа­лыс қалмады. Шараға қатысқан меймандарға мерекелік дастарқан жайылды.

– Бірлігі мықты ел озады. Біз осы сөздің мағынасын шәкірттер жү­регіне ұялатуды көздейміз. Фестиваль аясында ақшаңқан киіз үйлер ті­гіліп, қазақ, орыс, украин, татар, әзірбайжан, корей халықтарының ұлттық тағамдары мен салт-дәстүрлері көрсетілді. Мерекелік шараға келген әрбір қонақ керемет көңіл күйге бөленді, – дейді білім ордасының директоры Ләззат Жолмұқанова.

Қонақтар спорттық ойындарға қатысты. Футбол, армреслинг, арқан тартып сайысты.

Ұлт­тық ойындарға ерекше қатысқандар марапат­сыз қалмады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды. Бұл күні ме­рекелік жәрмеңке де ұйымдас­ты­рылды. Онда ұстаздар, ата-аналар мен оқу­шылар келушілер назарына өздері жасаған қолөнер бұйымда­рын ұсынды.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp