«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДҮБІРЛІ ДОДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары қызметкерлері арасында қазақ күресінен жарыс өтті. Республикалық турнир Ұлы Отан соғысының ардагері, милиция генерал-майоры Ахмет Тұмарбековтің туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Елімізде қазақ күресінен дүбір­лі дода осымен бесінші жыл қата­рынан өткізіліп отыр. Петропавл­дағы турнирдің салтанатты ашы­луына қатысқан облыс әкімі аппаратының басшысы Олжас Ыдырысов балуандарға сәттілік тіледі. Со­дан кейін “Динамо” дене шынықтыру және спорт қоғамының дамуына үлес қосқан бірқатар ардагерге Құрмет грамоталары табыс етілді.

Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыхановтың айтуынша, соңғы жылдары құқық қорғау органдары қызметкерлері ара­сында ұлттық спорт түрлерімен айналысатындар қатары қалыңдап келеді.

– Погон таққан спортшылар республикалық жарыстардан бө­лек, халықаралық сайыстарда да ел намысын қорғап жүр. Бұл, әрине, қазақ күресінің дамуына септігін тигізуде. Солтүстік Қазақстан облы­сында “Қызылжар арландары” клубы жұмыс істеп келеді. Осы спорттық ұйымның арқасында талай балуан елге танылды, – деді Дәулет Тұрлыханов.

Екі күнге созылған жарысқа 32 командадан 176 спортшы қатысты. Қазақ күресінен сайыс екі санат бойынша өтті. Біріншісі Ішкі істер министрлігі спартакиадасы шеңберінде ұйымдастырылды. 66 килограм салмақта – Ұлытау облыстық полиция департаментінің қызметкері Данияр Әлепов, 74 килограмда – Жамбыл облыстық полиция депар­таментінің өкілі Ерлан Махмұтов, 82 килограмда – Жетісу облыстық полиция департаментінің маманы Қуандық Есенеев, 90 килограмда – Ақмола облыстық полиция департаментінің қызметкері Әсет Жүні­сов, 100 килограмда – жетісулық Ержан Еренғайыпов және аса ауыр салмақта Ұлытау облысының намысын арқалаған Құдайберген Тілеубаев жеңімпаз атанды.

Ал екіншісінде “Динамо” дене шынықтыру және спорт қоғамының ведомствоаралық спартакиадасы аясында үздіктер анықталды. Мұнда 66 килограмм салмақта – Ұлттық ұланның маманы Ержан Еренға­йыпов, 74 килограмда Ішкі істер министрлігінің қызметкері Батыр­хан Қайырбек алтыннан алқа тағынды. 82 және 90 килограмда – Ұлттық ұлан қызметкерлері Мәди Амангелді мен Еламан Қойшы­баев, 100 килогамда Төтенше жағ­дайлар министрлігінің қызметкері Қанат Өмірзақ және аса ауыр салмақ дәрежесінде осы ведомствоның өкілі Олжас Шынкеев чемпион атанды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp