«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ескі мен жаңаның үйлесімі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаев тұрғындарды шаһардың дизайн-кодын әзірлеуге белсене қатысуға шақырды. Биыл қаланың ерекшелігін көрсететін дизайн-кодты жасауға бюджеттен 81 млн. теңге бөлінбек.

“Сәуірдің 19-ы күні елордада өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңеске қатыстым. Алқалы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қалалардың сыртқы кейпіне тоқталды. Петропавл – шағын, өзіне тән жылы атмосферасы, тарихы мен құндылықтары бар қала. Алайда жаңа нысандардың құрылысы мен абаттандыруды жөнді жүргізбесек, осы ерекшеліктерден айырылып қалуымыз мүмкін. Сондықтан биыл біз қаламыздың дизайн-кодын әзірлейміз. Мұндай құжат еліміздің көптеген қалаларында қолданылып келеді”, – деді ол.

Руслан Аңбаевтың айтуынша, дизайн-код қаланың сәулеттік келбеті мен эстетикалық көрінісін жетілдіру жөніндегі ережелер мен ұсынымдардың жиынтығы болады. Бұл алдағы уақытта бой көтеретін нысандардың сыртқы келбеті өзара үйлесімді болуы, яғни қаланың ортақ келбетімен үндестік табуы үшін қажет.

“Дизайн-кодты әзірлеу үшін бюджеттен қаржы бөлінеді. Оны қалалық мәслихат сессиясында депутаттар қолдап, бекітті. Алдағы уақытта конкурс жариялап, іске кірісетін боламыз. Дизайн-кодты әзірлеуге тұрғындардың да белсене атсалыса алатынын атап өткім келеді. Облыс орталығын одан әрі құлпырту үшін бірге аянбай еңбек етейік!”, – деді Руслан Аңбаев.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp