Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті биылғы жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
Жиын барысында департамент бастығының міндетін атқарушы Әділет Мұстафинов жеке құрамға Ішкі істер Министрінің қызметі жетілдіру бойынша қойылған міндеттер мен талаптар туралы нұсқауын жеткізді. Сондай-ақ облыс бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің және ведомстволық бағынысты мекемелер қызметінің қорытындысы шығарылды, жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықтың сақталуы туралы айтылды.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жеке құрам арасында жақсы моральдық-психологиялық ахуал қалыптасқан. Ішкі істер органдарына қызметке орналасуға ниет білдірушілердің саны 42 пайызға артқан, сондай-ақ кадр тұрақсыздығы 20 пайызға төмендеген. Қазіргі уақытта департамент қызметкерлері 93 пайызға толық. Өзге құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл аясында ашылған қылмыстар санының өсуі байқалады, осы аралықта 108 дерек тіркелген.
Әділет Мұстафин мекемелерді үздіксіз бейнебақылаумен қамтамасыз етудің маңыздылығын және қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ерекше назар аудару қажеттігін айтты.
Ведомство басшысы қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту, сонымен қатар пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдармен бірге жұмыс істеп, құқық бұзушылықтар жасауына жол бермеу мәселесін ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.