ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 2005 жылдан бастап енгізілді. Бұл төлем зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған жеке тұлғаларға тағайындалады. Қазақстанда базалық зейнетақы барлық зейнеткерге бірдей мөлшерде төленетін. Ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап тағайындау әдістемесі өзгеріп, оның мөлшері азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты есептелетін болды.

2023 жылға дейін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі азаматтардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл немесе одан аз болғанда немесе еш төлем жасамаған жағдайда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызы мөлшерінде тағайындалды. Егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артса, әрбір толық жыл үшін оның мөлшеріне 2 пайыздан қосылады. Бірақ тиісті қаржы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 100 пайызынан аспайтын мөлшер белгіленеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауда зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру туралы жаңа шаралар топтамасын ұсынды. Соның бірі – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан 70 пайызына дейін, ең жоғарғысын – тиісінше 100 пайыздан 120 пайызға дейін кезең-кезеңімен жеткізу. Осы кезеңде базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 51 пайызға дейін артатын болады.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде зейнетақы жүйесіне қатысқан әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғайтыла отырып, ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 60 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 100 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде зейнетақы жүйесіне қатысқан әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғайтыла отырып, ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 65 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 105 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде зейнетақы жүйесіне қатысқан әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғайтыла отырып, ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 110 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде зейнетақы жүйесіне қатысқан әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғайтыла отырып, ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 118 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде зейнетақы жүйесіне қатысқан әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғайтыла отырып, ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 120 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.

Әрбір мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы үшін зейнет-ақы жүйесіне қатысу өтілі айқындалады.

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне:

1) жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындауға арналған 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге жинақталған еңбек өтілі;

2) міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезеңдері қосылады.

Міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең орталықтандырылған дерекқордағы міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы мәліметтермен расталады.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеген кезде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың, сондай-ақ өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асырған жеке кәсіпкерлердің және шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары және мүшелерінің (қатысушыларының) міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезеңі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті салық кезеңіне төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының кемінде жылдық сомасын аударған жағдайда бір жылға тең болады.

Егер бір айда жинақтаушы зейнетақы қорларына және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аудару бірнеше рет жүзеге асырылса, жинақтаушы жүйеге қатысу кезеңі бір айды құрайды.

Міндетті зейнетақы жарналары толық және уақтылы аударылмаған жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарын (олардың болуына қарай) жүзеге асыру кезеңдері міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдер өтініш беруші еңбек өтілін растайтын құжаттарда көрсетілген еңбек қызметінің кезеңдеріне сәйкес келсе, міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы жұмыс берушінің немесе архивтік мекеменің растау анықтамасымен немесе міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңдерін растайтын сот шешімі негізінде расталады.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін беру кезінде:

1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде істеген еңбек өтілі;

2) міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең;

3) жұмыс iстемейтiн ананың немесе жұмыс істемейтін әкенің (бағып-күтуді ол нақты жүзеге асырған кезде) жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін жалпы жиынтығы 12 жыл шегiнен аспайтын уақыт;

4) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы бағып-күткен уақыт;

5) әскери қызметшiлер (мерзiмді қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезең;

6) бөгденің көмегіне мұқтаж бiрiншi топтағы мүгедектігі бар адамға, екiншi топтағы жалғызбасты мүгедектігі бар адамға және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қартқа күтiм жасаған уақыт;

7) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар жеке тұлғалардың еңбек қызметінің кезеңдері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есепке жатқызылады. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген кезеңдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүзеге асырылған жағдайда есепке жатқызылады.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі бюджет қаражаты есебінен беріледі.

Қазіргі уақытта облыс бойынша зейнеткерлер саны 101 мыңнан асады.

Республикалық бюджет туралы Заңға сәйкес 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы – 53076 теңгені, мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 24341 теңгені құрайды.

Кенжегүл ХАМЗИНА,

облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp