«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ротацияның тиімділігі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамлют ауданына жұмыс сапа­рымен барған мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің басшысы Елена Степа­ненко “дөңгелек үстел” басына жи­налған мемлекеттік қызметшілерге атқарылған жұмыстар мен тиісті заң жобасына енгізілген өзгерістер жайлы айтып берді.

“Цифрландыруды дамыту” жо­басы бойынша агенттікке мемле­кет­тік қызметтерді ұсыну кезінде заң бұзушылықтың алдын алу функ­циясы берілген. Себебі кейде қызметтер уақтылы көрсетілмейді немесе негізсіз бас тарту жағдайы орын алады. Мұн­дай сәтте қызмет алушыдан арыз-шағымның түске­нін күтіп отырмай, мемлекеттік қыз­мет көрсету сапасына тұрақты түр­де мониторинг жүргізу арқылы ба­қылау керек.

Статистикаға сүйенсек, өткен жылы 32 солтүстікқазақстандыққа не­гізсіз мемлекеттік қызмет көр­сетпеу фактісі анықталған. Заң бұз­ған мемлекеттік қызметшілер жа­уап­­кер­шілікке тартылды. Қызмет­терді жетілдіру де басты назарға алын­ған. Қазір заңнамаға “келісім­шарт­тық қызметкер” ұғымы енгі­зілді.

– Келісімшарттық қызметкер мемлекеттік қызметшіге жатпайды. Бұл бізге салалық жобаларды іске асыру кезеңінде арнайы білімі бар тәжірибелі мамандарды тартуға мүм­кіндік береді. Келісімшарт мер­зімі 1 жылдан аспайды. Бұл маман­дардың қандай инвестициялық жо­баларға қатыстырылатыны Үкімет қаулысынан кейін белгілі болады, – деді Елена Степаненко.

Кездесуде жұмыспен қамту және ротация тақырыбы да әң­гіме өзегіне айналды. Соңғы атал­ған үрдіс елде 7 жылдан бері қолда­нылып келеді. Осы уақыт ара­лы­ғында 130 мемлекеттік қызметші жұмыс орнын ауыстырған. Үш жыл­да бір өткізілетін ротация тәжірибе алмасуға және жемқорлықтың ал­дын алуға септеседі.

Ротация ережесіне сәйкес оған іліккен маманды жаңа жұмыс орны­мен және баспанамен қамту қажет. Қазіргі таңда елде мем­лекеттік қыз­метшілерге ұсыныла­тын баспана тап­шы. Егер мемле­кеттік қызмет­ші­ге үй берілмесе, оның ротациядан бас тар­туына құқығы бар.

Жұмыс сапары барысында Еле­на Степаненко қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген аудан­дық аурухана директоры Ка­рина Грауверг мемлекеттік қызметке тұрғысы келетінін айтты. Ол өткен жылы өз кандидатурасын пре­зиденттік резервке ұсынғанымен, жо­лы болмапты. Карина Грауверг Пре­зиденттік резерв қандай мүм­кіндіктер беретінін, өз саласы бо­йынша бос орындардың бар-жоғын сұрады.

– Іріктеу қыркүйек айында бас­талады. Президенттік резервке өт­кен маманның кәсіптік білімі болса, ол сол сала басқармасының бас­шы­сы қызметіне тағайындала ала­ды. Мәселен, сіз бейінді басқарма басшысы қызметін атқара аласыз, – деді мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің басшысы. Ол кейін аудан­ның жас мемлекеттік қызметшілер­імен кез­десіп, құқықтары мен мүкін­діктері жайлы айтып берді.

Динара КОНТАЕВА, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp