«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тең есеппен тарқасты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Футболдан ел біріншілігінің 7-ші турында “Қызылжар” клу­бы өз алаңында ақтаулық “Каспийді” қабылдады. “Жастар” ста­дионында өткен ойында командалар тең есеппен тарқасты.

Бұл кездесуге дейін жерлесте­рі­міз алты ойында да жеңіске ­жетсе, ақтаулықтар тек соңғы матчта ғана көкшетаулық “Оқжетпес” клу­бынан басым түскен болатын. Осы­лайша турнирлік кестеде солтүс­тікқазақстандықтар 18 ұпаймен бі­рінші орында тұрған.

Жерлестеріміз матчтың бірінші минуттарынан бастап шабуылға шықты. Нәтижесінде “Қызылжар” аяқдопшылары есеп ашты, алғашқы голды Тамаз Макацария салды. Кейін ақтаулықтар ойын тізгінін өз қолдарына алып, жерлестеріміздің қақпасын нысанаға алды. “Каспий­дің” жылдам шабуылшылары көп­ке дейін айып алаңымыздан шықпады. Бірде қорғаушыларымыз қауіпті сейілтсе, енді бірде қақпашымыз қырағы әрекет етті. Есептегі басымдық 19-шы минутқа дейін ғана жалғасты. Тө­реші он бір метрлік айып добын бел­гілеп, Алексей Залеский мүлт кетпеді. Кездесудің алғашқы бөлімі 1:1 есебімен аяқталды.

Екінші таймда солтүстікқазақ­стандықтар жаңа деммен шабуылға шығып, жеңіске жету үшін барын салды. Бірақ қызылжарлықтар негізгі уақытта да, төреші қосқан қосымша бес минутта да қарсыластың тас қамал қорға­ны­сын бұза алмады.

Ел біріншілігінің 7-ші турының қорытындысына сәйкес, “Қызыл­жар” клубы турнирлік кестедегі бі­рінші орнын сақтап қалды. Ал екінші сатыға елордалық “Астана” ко­мандасы жайғасты. “Каспий” болса, 4 ұпаймен 12-ші орынға кө­терілді. Көш соңында “Мақтаарал” келе жатыр.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp