«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заңдылықты сақтау – басты талап

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті биылғы жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Жиын барысында департамент бастығының міндетін атқарушы Әді­лет Мұстафинов жеке құрамға Ішкі істер Ми­нистрінің қызметі жетілдіру бойынша қойыл­ған міндеттер мен талаптар туралы нұсқауын жеткізді. Сондай-ақ облыс бойынша қыл­мыстық атқару жүйесі департа­мен­тінің және ведомство­лық бағынысты мекемелер қызме­тінің қорытын­дысы шығарылды, же­ке құрам ара­сында тәртіп пен заң­дылықтың сақ­талуы туралы ай­тылды.

Бірінші тоқсанның қорытын­ды­сы бойынша жеке құрам арасында жақсы моральдық-психологиялық ах­уал қалыптасқан. Ішкі істер орган­дарына қызметке орналасуға ниет білдірушілердің саны 42 пайызға арт­қан, сондай-ақ кадр тұрақсыз­ды­ғы 20 пайызға төмендеген. Қазіргі уақытта департамент қызметкер­ле­рі 93 пайызға толық. Өзге құқық қор­ғау органдарымен өзара іс-қимыл ая­сында ашылған қылмыстар са­ны­ның өсуі байқалады, осы аралықта 108 дерек тіркелген.

Әділет Мұстафин мекемелерді үздіксіз бейнебақылаумен қамтама­сыз етудің маңыздылығын және қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ерекше назар аудару қажеттігін айтты.

Ведомство басшысы қылмыс­тық-атқару жүйесін жаңғырту, со­нымен қатар пробация қызметте­рінің есебінде тұрған адамдармен бірге жұмыс істеп, құқық бұзушы­лықтар жасауына жол бермеу мә­селесін ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp