«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Студенттер жатақханасы қыркүйек айында пайдалануға беріледі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда қызмет көрсету са­ласы колледжінің студенттеріне арналған жатақхананың құрылысы жүргізілуде. Іргесі өткен жылдың мамыр айында қаланған ғимарат биыл қол­данысқа тапсырылмақшы.

Жатақхана тоғыз қабаттан тұра­ды, 244 орынға шақталған. Бүгінде ны­сандағы құрылыс жұмыстары 60 па­йызға орындалды. Қазіргі уақытта ғи­мараттың шатыры мен өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатына арналған арнайы сатылар орнатылуда. Мердігер “Пилон” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Оксана Грибанова ішкі әрлеу жұмыстарының да қолға алынғанын жеткізді.

– Ғимарат қаламыздағы орталық көшелердің бірінде орналасқандық­тан қасбетін заманауи фибропанельдермен қаптау жоспарланып отыр. Бұл материалды өңір құрылысшылары әзірге пайдаланып көрген жоқ. Өңірдің қақаған аязы мен суық желіне шыдас бере алады деп ойлаймын. Құры­лысқа қажетті шикізат ретінде отандық және ресейлік өнімдерді қолдандық. Жатақхананы осы жылдың қыркүйек айында пайдалануға бермекпіз, – дейді Оксана Грибанова.

Қазіргі таңда құрылыс алаңына мердігер компанияның 50 маманы жұ­мылдырылған. Олардың қатарында білікті жұмысшылармен қатар Петропавлдағы құрылыс-экономикалық колледжінің студенттері де бар. Уақытпен санаспай еңбек етіп жүргендердің бірі – Максим Малявин.

– Мен төртінші курстың студентімін. Оқытушыларым мені бұл нысанға тәжірибеден өту үшін жіберді. Колледжде игерген теориялық білімімді құрылыс алаңында пайдаланудамын. Білікті мамандардан үйренерім мол, – дейді жас құрылысшы.

Майгүл ҚАЖЖАН,

облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp