Облыс орталығында “Жас биолог – зерттеуші” байқауы өтті. Сайысқа 40-қа жуық оқушысы қатысып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғады. Осымен бесінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан байқаудың мақсаты – биология пәнін терең меңгеруге құлшыныс танытып жүрген оқушыларды анықтап, олардың ғылыми еңбектерін тәжірибеге енгізу.
– Биология мен химия пәнін терең меңгерген оқушылардың зерттеу жұмыстары өте қызықты. Олардың арасында жобасын бизнеске айналдырғандар да бар. Мәселен, гидропоникада микроөсімдіктерді өсіру бойынша әзірленген жұмыс инвесторлар тарапынан қолдау тапты. Бүгінгі күні оқушының бұл жобасы шағын кәсіпке айналды, – дейді оқушылар сарайының бөлім меңгерушісі Лариса Воробьева.
Конкурсқа қатысушылар екі топқа бөлініп, бақ сынады. Бірінш топ – 5-7-сынып аралығындағы оқушылар ауыл шаруашылығы және биология саласындағы жұмыстарын қорғаса, екінші топ – 8-11-сынып оқушылары медицина, биотехнология және экология бойынша ғылыми зерттеулерін таныстырды.
Бектұрған ЛАҚАДЫЛ,
“Soltüstık Qazaqstan”.