«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қылмыс азайған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департамен­тінде биылғы үш айда атқарылған же­дел-қызметтік жұмыстың нәтижелері қаралды. Оған облыстық полиция департаментінің басшылығы, бас­қар­малардың бастықтары, ба­тальон­дардың командирлері қатыс­ты. Жедел кеңес отырысына аудан­дық полиция бөлімдерінің басшы­лары мен жеке құрамы бейнебай­ланыс арқылы қосылды.

Облыстық полиция департа­мен­ті бастығының орынбасары Еңбек Сембин бөліністерінің жедел-қызметтік жұ­мысының бірінші тоқсан­дағы нәти­же­лері және алдағы ке­зеңге ар­налған басымдықтар ту­ралы баян­дады. Ол облыс бойын­ша жағ­дай тұрақты екенін атап өтті. Тір­келген құқық бұзу­шы­лықтар саны өткен жылмен салыс­тырғанда 19 па­йызға азайған. Ауыр қылмыстарды тіркеу 14, аса ауыр қылмыстарды тір­кеу 23 пайыз­ға төмендегені бай­қалады. Алайда Тайынша, Уәли­ха­нов, Тимирязев ау­дандарында қыл­мыс­ көп тіркелген.

Жедел кеңесте полиция бөлініс­теріндегі тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі қаралды. Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Арман Атанов бұл жұмыс­ тұрақты бақылауда екенін айт­ты. Басқарманың жедел уәкілдері мен жеке құрам бойынша инспекция қызметкерлері тәртіп бұзу фактіле­рі­нің алдын алу бойынша жоспардан тыс рейдтер жүргізеді. Сонымен қа­тар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу да ерекше назарға алынған.

Жедел кеңестің күн тәртібінде көші-қон қызметіне қатысты мәселе қаралды. Бұл туралы көші-қон қыз­меті басқармасының бастығы Талғат Әбілов баяндады. Жыл басынан об­лыста көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 2706 азамат әкімшілік жауап­кершілікке тартылған, олардың 204-і – шетелдік. Облыстық полиция де­пар­таментінің бастығы Айдын Қаб­дұлдинов көші-қон заңнамасын бұзу фактілерінің алдын алуға ерекше назар аударуды тапсырды.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp