«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қолқаны қапқан иістен қашан құтыламыз?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Күн жылына Петропавл қа­ласы­на жағымсыз иіс тарайды. Қа­ла сыр­тындағы биотоғаннан тарап жат­қан иістен сол маңдағы тұр­ғын­дар зар­дап шегеді. Желдің бағы­ты өзгерген кезде қа­ла­ның бірнеше ауданда­рына жайылады.

Жақында экологтар био­тоғанда болып, арнайы өл­шеу аппаратын іске қосты. Облыстық экология де­партаментінің бөлім басшысы Да­мир Жұмабаев арнайы құралғыда микрограмма 8-ді көрсетіп тұрғанын айтты. Бұл – норма. Күкіртті сутегі көр­сеткіші 80-ді көр­сет­кенде ғана дабыл қағуға болады.

Қаладан шыққан қалдық су төгі­летін то­ған сонау 50-ші жылдардан бері та­заланбаған. Жергілікті билік аталған проблеманы шешуді қолға алғаны­мен, әзірге нәтижесі мардым­сыз. Қолданыстағы әдістің бірі – био­то­ғанға хлорелла жіберу. 2021 жыл­дың тамыз айында “Су ғылыми-технологиялық орталығы” жауапкер­шілі­гі шектеулі серіктестігі хлорелла жа­сыл микробалдырларын пайда­лана отырып, ағынды су қоймасын биоло­гиялық қалпына келтіру жұ­мыстарын жүргізе бастады.

– Осыдан бір-екі жыл бұрын ауа­дағы күкіртті сутегінің көрсеткіші 49-ға дейін жетті. Адамдар бір жа­рым ай жағымсыз иіспен тыныстап келді. Биыл олай болмауы тиіс. Қазір та­раған жағымсыз иіс мұздың еріп, жел­дің көтерілуінен туындаған жағ­дай. Күн жылынып, хлорелла көбейген шақта иіс біртіндеп азаяды, – дейді “Су ғылыми-тех­нологиялық орталы­ғы” ЖШС-ның ди­ректоры Александр Рейбандт.

“Қазгидромет” мекемесі облыс­тық фи­лиалының мәліметі бойынша, 2023 жылдың 1 тоқсанында Петро­павлда атмосфералық ауаның шекті рұқсат етілген концентрациясы 1256 рет нормадан асқан. Оның ішінде 1231 рет күкіртті сутегі мөлшерінің көбей­гені анықталған.

Тәулік бойы күкіртті сутегін анық­тауға арналған газ анализаторлары жұмыс істейді және әр 20 минут са­йын көрсеткіштерді серверге жібере­тін екі автоматты пост орнатылған. Ал мобильді қосымшада ақпарат са­ғат сайын жаңартылып отырады.

Байболат ҚҰЛТАНОВ,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp