Қылмыстық-атқару жүйесі облыстық департаментінің Мамлют ауданы бойынша пробация қызметі ерекше акция ұйымдастырды. Пробация қызметінің есебінде тұрғандар балаларымен бірге Петропавлдың мәдени орындарын аралады. Экскурсия кезінде олар “Абылай хан резиденциясы” музей-кешенінде, облыстық полиция департаментінің мұражайында, ботаникалық бақта болды.
– Қызылжардың көрікті орындарын аралап, ұмытылмас әсер алдым. Есепте тұрғандардың көбінің мұндай жерлерге баруға мүмкіндігі жоқ. Музейлердегі жәдігерлер ерекше ұнады. Акцияны ұйымдастырған жандарға алғысымыз шексіз, – деді С. есімді сотталған.
Олар экскурсиядан кейін бірге тамақтанып, Мамлют аудандық Мәдениет үйінде шахматтан, дойбыдан ұйымдастырылған турнирге қатысты. Есепте тұрғандардың сәбилеріне сыйлықтар берілді.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.