«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Сәуір 27, 2023

Күмбірледі күміс күй

Петропавлда “Домбыра – дастан” деген атаумен республи­калық күй жарысы өтті. Сайыс білім беру саласының үздігі Серікбай Здуалиевті еске алу мақсатында ұйымдастырылды. – Соңғы жылдары бұл күй бәй­гесін өткізу дәстүрге айналып келе­ді. Өткен жылы Ақжар ауданындағы Тал­шық ауылында өткіздік. Осы жо­лы жарыстың шарттарына өзгеріс­тер енгі­зілді. Үміткерлер жұп болып өнер көрсетті. Белгілі күйшілерден құрал­ған қазылар алқасының мү­шелері …

Күмбірледі күміс күй Read More »

“Елім-ай” — ерліктің айнасы

Қазақстан Республикасы Үкі­ме­ті қаулысының негізінде Мәде­ниет және спорт минист­рінің “2023-2025 жылдарға арналған мерейтойлар мен атаулы күн­дердің тізбесін бекіту туралы” №60 бұйрығына сәй­кес Қожаберген жырау Толыбайұлының “Елім-ай” дастанының 300 жылдығы аталып өті­леді. Осыған орай халықаралық “Жеті жарғы және Қожаберген жырау” қо­ғамдық қайырымдылық қоры қазақ­тың даңқты батыры, қолбасшы, жы­рау Қожаберген Толыбайұлын ардақ тұтқан азаматтардың қолдауымен жазба ақындардың …

“Елім-ай” — ерліктің айнасы Read More »

Дәмі тіл үйірер тағамдар

Петропавл жоғары құрылыс-эко­номикалық колледжінде өткен ше­бер­лік сағаты “Шекарасыз ас үй” деп аталды. Шараны Қазақ­стан халқы об­лыстық ассамблеясының маманда­ры ұйым­дастырды. Студенттер 5 түрлі ұлттың таға­мын дайындап, өз шеберліктерін көр­сетті. Меймандар көпшілік біле бермейтін тамақ түрлерінің жасалу жолдарымен танысты. Шеберлік сағатына қатысушы­лар ең алдымен, дастарқан жаюдың ерекшеліктеріне, қазақ, орыс, бела­русь, неміс және армян халықтары­ның ұлт­тық тағамдарының әзірлену …

Дәмі тіл үйірер тағамдар Read More »

Тереңкөлде балық қырылды

Аққайың ауданындағы Те­реңкөлде балық қырылды. Алдын ала болжам бойынша, таяз көл қыста түбіне дейін қатып, су жәндіктері ауа жетпей тұншығып өлген. Облыстық экология департа­мен­ті баспасөз қызметінің мәліметінше, көлде балықтың қырылу фактісі 25 сәуір күні тіркелген. Осыған орай экология департаменті, “Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инс­пекциясы”, облыстық табиғи ресурс­тар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Аққайың ауданының …

Тереңкөлде балық қырылды Read More »

СУ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ

“Қазгидромет” республикалық мем­лекеттік кәсіпорны облыстық фи­лиалының мәліметінше, Петро­павл маңында Есіл өзені­нің суы төмендей бастады. Өткен тәулікте гидрологиялық бекеттегі су деңгейі­нің көрсеткіші 4 сантиметрге азайған. Өзен суы Покровка елді мекені маңында 20 сантиметрге дейін түсті. Ал Тоқсан би ауылының маңын­дағы гидрологиялық бекетте кері­сін­ше Есіл өзе­ні деңгейінің – 4, ал Сергеевка қаласы жанында – 16, Сергеев су …

СУ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ Read More »

Ұмытылмас әсер

Қылмыстық-атқару жүйесі об­лыс­тық департаментінің Мамлют ау­даны бойынша пробация қызметі ерекше акция ұйымдастырды. Пробация қыз­метінің есебінде тұрған­дар балаларымен бірге Петропавлдың мәдени орындарын аралады. Экскур­сия ке­зінде олар “Абылай хан резиденциясы” музей-кешенінде, облыстық полиция департаментінің мұражайында, ботаникалық бақта болды. – Қызылжардың көрікті орында­рын аралап, ұмытылмас әсер алдым. Есепте тұрғандардың көбінің мұндай жерлерге баруға мүмкіндігі жоқ. Музейлердегі жәдігерлер ерек­ше …

Ұмытылмас әсер Read More »

Өзгерген бағыттар

Петропавлда мамырдың 1-нен бастап №22 бағыт бойын­ша қатынайтын автобус өз жұ­мы­сын тоқтатады. Ал №24 және №27 автобустардың жүру бағытты өзгертіледі. Мұндай шешім тұрғындар арасын­да аталмыш бағыттар­дағы қо­ғамдық көліктерге деген сұраныстың тө­мен болуына бай­ланысты қабыл­данды. №27 ав­тобус “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” акционерлік қоғамына дейін қатынайтын болады. №24 бағыттағы автобус жо­лаушыларды көтерме сауда орталығының жанына дейін …

Өзгерген бағыттар Read More »