«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Елім-ай” — ерліктің айнасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы Үкі­ме­ті қаулысының негізінде Мәде­ниет және спорт минист­рінің “2023-2025 жылдарға арналған мерейтойлар мен атаулы күн­дердің тізбесін бекіту туралы” №60 бұйрығына сәй­кес Қожаберген жырау Толыбайұлының “Елім-ай” дастанының 300 жылдығы аталып өті­леді.

Осыған орай халықаралық “Жеті жарғы және Қожаберген жырау” қо­ғамдық қайырымдылық қоры қазақ­тың даңқты батыры, қолбасшы, жы­рау Қожаберген Толыбайұлын ардақ тұтқан азаматтардың қолдауымен жазба ақындардың “Елім-ай” жы­ры және Қожаберген батыр – Қа­зақ елінің намыс пен ерлік айна­сы” атты республикалық жыр мү­шәй­расын өткізгелі отыр.

Мүшәйраға еліміздің барлық ай­мақтарынан ақындар қатыса алады.

Үміткерлер қазылар алқасының қарауына үш өлең ұсынуы тиіс. Оның біреуі – Қожаберген жыраудың ру­хына бағышталса, екіншісіне “Елім-ай” дастаны арқау болуы керек, үшіншісі – еркін тақырыпта.

Шығармалардың көлеміне шек қойылмайды. Бұрын жарық көрген не­месе қазылар алқасының қа­рауына белгіленген мерзімнен кеш түс­кен шығармалар бәйгеге қатыс­тырыл­майды.

Шығармалар 2023 жылдың 15-мамырына дейін қабылданады. Са­раптау нәтижесінде жүлдеге лайық­ты деп танылған ақындар үстіміздегі жылдың 26 мамырында Түркістан қаласында өтетін мүшәйраның ақтық сайысына шақырылады.

Мүшәйра жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады:

Бас бәйге (біреу) – 1000000 теңге;

Бірінші орынға бәйге (біреу) – 500000 теңге;

Екінші орынға бәйге (біреу) – 300000 теңге;

Үшінші орынға бәйге (екеу) – 200000 теңге;

Ынталандыру сыйлығы (екеу) – 150000 теңге.

Жабық бәйге болғандықтан, өлеңдер бүркеншік атпен (псев­до­ним) жолданады. Автордың аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны жазылған парақ кіші конвертке са­лынып, желімделіп, оның бетіне тек бүркеншік аты ғана жазылады. Бүркеншік ат үлкен конверттің сыр­тындағы жіберушінің ата-жөні деген орынға да жазылуы керек.

Бәйгеге қатысуға тілек біл­дір­ген­дер өздерінің шығармаларын мына мекенжайға жолдаулары керек: Шым­кент қаласы, 160011, С.Па­­зылбеков көшесі, №5 үй, Заңғар-Заңгер кеңсесі, Халық­ара­лық “Жеті жарғы және Қожаберген жырау” қоғамдық қайырым­ды­лық қорына.

Анықтамаларды мына теле­фон­дар арқылы алуға болады: 8-775-405-04-11, 8-777-697-50- 40.

Е-mail: “kynat_d@mail.ru”.

Ұйымдастыру алқасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp