«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тереңкөлде балық қырылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Аққайың ауданындағы Те­реңкөлде балық қырылды. Алдын ала болжам бойынша, таяз көл қыста түбіне дейін қатып, су жәндіктері ауа жетпей тұншығып өлген.

Облыстық экология департа­мен­ті баспасөз қызметінің мәліметінше, көлде балықтың қырылу фактісі 25 сәуір күні тіркелген. Осыған орай экология департаменті, “Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инс­пекциясы”, облыстық табиғи ресурс­тар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Аққайың ауданының ветеринарлық қызметі және “НПЦ РХ” жауапкершілігі шектеулі се­ріктестігінің мамандары оқиға орны­на барды. Мән-жайды анықтау үшін өлген балық пен су сынамасы алынған.

“Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы” республикалық мемлекеттік мекеме­сінің мәліметінше, Тереңкөлде ба­лықтың қырылып жатқандығы жөнінде хабар оларға “Whatsapp” арқылы түс­кен. Мамандардың айтуынша, көлде мөңке балығы қырылған. Өлген 100 килограмм балықты жи­нап, жою жұмыстары ұйымдасты­рылды.

Тереңкөл көлі Аққайың ауданындағы Аралағаш ауылына жақын орналасқан. Көлемі 286 гектар аумақты алып жатыр, тереңдігі бар болғаны 1,5 метр ғана.

Былтыр өңір көлдерінде 7 рет балықтың қырылу дерегі тіркелді. Олардың барлығында су жәндікте­рінің ауа жетпей тұншығып өлгендігі анықталды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp