«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әскери-спорттық ойындар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әскери академияда өңір мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында жыл сайынғы “QAISAR” әскери-спорттық ойындарының іріктеу кезеңі өтті. Оны ұйымдастыруға “AMANAT” партиясының облыстық филиалы ұйытқы болды.

– Біз әскери-спорттық ойындар­ды осымен екінші жыл қатарынан өт­кізіп отырмыз. Биыл оған Петропавл қаласының 14 мектебінен 84 оқушы қатысты. Жастар өздерінің физикалық дайындығын көрсетті. Мұндай шаралар өрендерді саламатты өмір салтын берік ұстануға, шыдамды бо­луға баулиды, – дейді “Жас сарбаз” облыстық қоғамдық бірлестігінің тө­рағасы Жанат Жанғазин.

Іріктеу кезеңі барысында оқушылар жүгіруден жарысып, кедергілер арқылы өтті, саптық дайындық дағдыларын көрсетті. “Менің елім – Қазақстан” тақырыбындағы сауалдарға жауап берді.

Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлде Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернат оқушыларынан құралған ко­мандаға бұйырды. Бірінші орынды жалпы білім беретін бі­рінші IT-лицейдің оқушылары иеленсе, екінші орынды Абай атындағы қазақ мек­теп-гимназиясының командасы еншіледі. Үшінші орын Қожаберген жырау атындағы №6 қазақ орта мектебінің командасына берілді.

Іріктеу кезеңінде жеңіске жеткен команда үстіміздегі жылдың 2-7 мамыры аралығында Астана қаласын­да өтетін әскери-патриоттық ойындардың финалында өңір намысын қорғайтын болады.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp